
XVI Верона Еуразиялық экономикалық форумы
2023 жылғы 3-4 қарашада Самарқанд қаласында «Өзгермелі әлемдегі Еуразия: ынтымақтастық күн тәртібі» тақырыбында XVI Верона Еуразиялық экономикалық форумы өтті.
Аталған форумда адам құқықтары, еуразиялық интеграция саласындағы мәселелер, экономика және қаржы, энергетика, жаңа технологиялар мен инновациялар саласындағы мемлекетаралық өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Форум жұмысына ЕО, ЕАЭО, ШЫҰ, БРИКС лауазымды тұлғалары, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, ірі компаниялар мен қаржы құрылымдарының басшылары, жақын және алыс шетелдердің сарапшы, журналистері қатысты сондай-ақ,
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы, Қазақстан Республикасы атынан Еуропа Кеңесінің Венециялық комиссиясының мүшесі,
АХҚО құқық Академиясының академиялық кеңесінің мүшесі Игорь Рогов баяндама жасап, форумға қатысушыларды Қазақстандағы құқық қорғау қызметі туралы хабардар етіп, Қазақстан Республикасы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды бейбітшілікті, әділдікті және әл-ауқатты қамтамасыз етудің маңызды шарты деп танитынын атап өтті.
Экономикалық салада жасанды интеллектті пайдалануды құқықтық реттеу мәселелерін көтерген форумның кейбір спикерлерінің сөздеріне түсініктеме бере отырып, Игорь Рогов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жасанды интеллектті қолдану саласында адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге арналған нормативтік-құқықтық база әзірленіп жатқанын хабарлады.