А.ж. 16 қазанда Қазақстан Республикасының Туризм және спорт вице-министрі Ержан Мәлікұлы Еркінбаев бастаған қазақстандық делегация Дүниежүзілік Туристік Ұйымы (ДТҰ) Бас Ассамблеясының 25 сессиясына қатысты.
Бас Ассамблеяның ашылу салтанатында Өзбекстан Республикасының
президенті Ш.Мирзияев пен Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (ДТҰ) Бас хатшысы 3.Пололикашвили құттықтау сөз сөйледі.
Өзбекстан президенті қазіргі кезде туризм әлемдік экономиканың қарқынды дамып келе жаткан және перспективалы салаларының бірі болып табылатынын атап өтті. Сонымен қатар, Өзбекстанда елді жаңғырту бойынша кең ауқымды және қайтымсыз реформалар шеңберінде туристік саланы дамытуға басымдық берілетіндігі, сондай-ақ соңғы жылдары 100-ге жуық елдің азаматтары үшін визасыз режим енгізіліп, ал тағы 55 мемлекеттің азаматтары үшін электрондық виза берудің онайлатылған тәртібі белгіленгенін жеткізді.
Дүниежүзілік Туристік Ұйымның (ДТҰ) Бас хатшысы 3. Пололикашвили өткен жылы Өзбекстанға 5 млн астам шетелдік туристер келді. Бұл керсеткіш пандемияға дейінгі кезеңмен салыстырғанда 80% пайызға өсті. Бұл үлкен жетістік. Мұның бәрі Өзбекстан президенті Ш. Мирзияевтің басшылығымен жүргізілген жеңілдетілген визалық режим жүйесінің кең ауқымды реформалары мен туристік инфрақұрылымдағы орасан зор өзгерістердін жетістігі деп атап өтті.
Сонымен қатар, Бас Ассамблея алаңында ҚР Туризм және спорт вице-министрі Е.Еркінбаев Mastercard компаниясының Вице-президенті және мемлекеттік сектормен жұмыс, стратегиялық өсу жөніндегі басшысы Никола Вилламен екіжақты кездесу еткізді. Келіссөздер барысында Mastercard компаниясының өкілдері елімізде шетелдік және ішкі туризмді дамыту бойынша талдамалык әріптес болуға, түрлі бағдарламаларды іске асыруда
технологиялармен және жаһандық сараптамамен қолдау көрсетуге және елімізді Priceless.com платформасы арқылы әлемде Mastercard-тың 2,3 млрд ұстаушысы арасында туристік бағыт ретінде ілгерілетуте дайын екендіктерін сондай-ақ, ынтымақтастықтың да басқа да бағыттары мен жобалары талқыланды.