2023 жылғы 23 қазанда Самарқандта Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің Адами ресурстарын дамытуға жауапты ведомстволар басшыларының екінші кездесуі болып өтті.
Осы кездесуге Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының орынбасары Жолманов Азамат Сағатұлы қатысты.
Түркі мемлекеттері ұйымының мүшелері Қазақстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркия, Қырғызстан елдерінің мемлекеттік органдарының кадр бөлімдерінің басшылары осы бағыттағы жаңа тәсілдер мен үрдістерді талқылады.
Іс-шара барысында Астана Мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитетінің төрағасы А.Бәйменов қатысушыларға “HR саласындағы замануи трендтер” тақырыбында лекция оқыды. Сонымен қатар, Астана Мемлекеттік қызмет хабы Басқарушы комитеті мен Өзбекстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік қызметті дамыту агенттігі арасында Өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды.