Самарқанд қаласында АӨСШК Жастар кеңесінің 6-шы отырысы аясында Қазақстан және Өзбекстан жастарының екінші конгрессі болып өтті.

Самарқанд қаласында АӨСШК Жастар кеңесінің 6-шы отырысы аясында Қазақстан және Өзбекстан жастарының екінші конгрессі болып өтті.

 А.ж. 13 тамызда Самарқанд қаласында Азиядағы өзара іс - қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесі (АӨСШК) Жастар кеңесінің 6-шы отырысы аясында Қазақстан және Өзбекстан жастарының екінші конгрессі болып өтті.
Форумға Өзбекстан Республикасы Жастар ісі жөніндегі агенттігі директорының орынбасары Каттаханова Дилнозахон Собиркизи, сондай-ақ еліміздің «AMANAT» партиясының жанындағы «Жастар рухы» жастар қанатының және еріктілер қозғалысының өкілдерінен құралған 15 шақты делегат қатысты.
Олар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жастар саясаты саласындағы ынтымақтастықтың болашағы мен ерекшеліктері, жастар арасындағы өзекті мәселелерді талқылап, өзара тәжірибе алмасты.