Самарқанд қаласына жұмыс сапары аясында Қазақстанның Өзбекстандағы Елшісі Имам әл-Бұхари мемориалдық кешеніне, Жалаңтөс батыр кесенесіне, Шахи-Зинда сәулет ансамбліне, сондай-ақ Өзбекстан Республикасының Тұңғыш Президенті Ислам Каримовтың мемориалдық кешеніне барып, оның рухына тағзым етті.
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени-гуманитарлық байланыстарды одан әрі нығайтуда ортақ тарихи-мәдени мұраны сақтаудың маңыздылығы атап өтілді.