Жібек жолы бойындағы Наурыз дәстүрлері» кітабының таныстырылымы

Жібек жолы бойындағы Наурыз дәстүрлері» кітабының таныстырылымы

2025 жылғы 8 қарашада Самарқанд қаласындағы Қазақстан Республикасының Бас консулы Талғат Шәріпов ЮНЕСКО Бас конференциясының 43-сессиясы аясында өткен «Жібек жолы бойындағы Наурыз дәстүрлері: ортақ мәдени мұраның әлеуметтік-мәдени маңызы» атты кітаптың таныстырылымына қатысты.

Іс-шараға ЮНЕСКО өкілдері, Өзбекстанда аккредиттелген дипломатиялық миссиялардың басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ түрлі елдердің ғалымдары, зерттеушілері және мәдениет қайраткерлері қатысты.

Шараны Орталық Азияны зерттеу халықаралық институты (IICAS) ЮНЕСКО қамқорлығындағы Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі материалдық емес мәдени мұра бойынша ақпарат және желілік өзара іс-қимыл халықаралық орталығымен (ICHCAP) бірлесіп ұйымдастырды.

Басылым Жібек жолы бойында орналасқан мемлекеттердегі — Қазақстан, Өзбекстан, Иран, Тәжікстан, Түркия, Әзербайжан және басқа елдердегі — Наурыз мерекесін тойлаудың мәдени алуан түрлілігін және ортақ дәстүрлерін көрсетеді. Кітап материалдық емес мәдени мұраны сақтау мен ілгерілету бағытында жұмыс істейтін 15 ел мен халықаралық ұйымдардың сарапшылары арасындағы көпжылдық ғылыми ынтымақтастықтың нәтижесі болып табылады.

Кітапта Қазақстан Республикасының материалдық емес мәдени мұра жөніндегі ұлттық комитеті төрағасының орынбасары Рустам Музафаровтың «Қазақстандағы Наурыз: бастаулары, тарихы және қазіргі дәстүрлері» атты мақаласы жарияланған.

Қатысушылар Наурыздың көктемгі жаңару мен халықтар достығының және бірліктің символы ретіндегі маңызын атап өтіп, жобаның ЮНЕСКО-ның «Жібек жолдары» бағдарламасы аясында халықаралық мәдени диалог пен ынтымақтастықты нығайтудағы рөлін ерекше көрсетті.

«Жібек жолы бойындағы Наурыз дәстүрлері» кітабының таныстырылымы өңірдің мәдени мұрасын ілгерілетуге және Жібек жолы елдері халықтары арасындағы өзара түсіністікті арттыруға бағытталған маңызды мәдени оқиға болды.

Көпұлтты элемент ретінде Наурыз ЮНЕСКО-ның 2003 жылғы Конвенциясына қатысушы 13 мемлекеттің бастамасымен — Ауғанстан, Әзербайжан, Үндістан, Иран, Ирак, Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Тәжікстан, Түркия, Түрікменстан және Өзбекстанның — адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының репрезентативтік тізіміне енгізілген.