
2025 жылғы 7 қарашада Түркістан облысының әкімі Нұралхан Күшеров бастаған делегация жұмыс сапарымен Самарқанд облысына барды. Делегация құрамына туристік компаниялар мен қонақүй бизнесінің өкілдері кірді. Сапардың мақсаты – әріптестік байланыстарды нығайту, келіссөздер өткізу және туризмді дамыту саласында тәжірибе алмасу болды.
Сапар аясында Самарқанд облысының міндетін атқарушы хокимі Адиз Бобоевпен кездесу өтті. Тараптар Түркістан және Самарқанд облыстары арасындағы туризм, мәдени байланыс және бірлескен жобаларды жүзеге асыру салаларында ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Бұл бастамалар өңіраралық байланыстарды нығайтуға және экономикалық өзара іс-қимылды арттыруға бағытталған.
Кездесу қорытындысы бойынша Түркістан және Самарқанд облыстары арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды. Құжат туризм, мәдениет, білім беру және инвестициялар салаларында бірлескен жобаларды дамыту, екі өңірдің туристік нысандарын насихаттау, өзара туристік топтардың санын арттыру, тәжірибе алмасу және өзге де бастамаларды көздейді.
Сонымен қатар Самарқандтағы Халықаралық туризм академиясында жергілікті туроператорлармен келіссөздер өтті. Кездесуде тәжірибе алмасу және туристік ағынды көбейту мәселелері талқыланды.
Сапар барысында қол жеткізілген келісімдердің жүзеге асырылуы Қазақстан мен Өзбекстан өңірлері арасындағы әріптестік қатынастарды нығайту жолындағы маңызды қадам болмақ. Бұл өз кезегінде халықаралық туризм мен мәдени ынтымақтастықтың дамуына, сондай-ақ Жібек жолы бойындағы өзара түсіністікті арттыруға ықпал етеді.