Қазақстан Республикасының Бас консулы «Самарқанд автомобиль зауытына» ЖШҚ БК барды

Қазақстан Республикасының Бас консулы  «Самарқанд автомобиль зауытына» ЖШҚ БК барды

2025 жылғы 17 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Самарқанд қ. Бас консулы Талғат Шәріпов Өзбекстанның машина жасау саласындағы жетекші кәсіпорындарының бірі болып табылатын «Самарқанд автомобиль зауыты» ЖШҚ БК-да болды.

Бас консул кәсіпорынның өндірістік қуаттылығымен, автобустарды, жүк автомобильдерін, пикаптар мен арнайы автокөліктерді құрастыру үдерісімен, сондай-ақ жолаушылар көлігінің жаңа үлгілерін шығару бойынша перспективті жобаларымен танысты.

Пікір алмасу барысында өнеркәсіптік кооперацияны дамыту және Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы автомобиль жасау саласындағы бірлескен жобаларды іске асыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Талғат Шәріпов SamAuto-да өндірісті ұйымдастырудың жоғары деңгейін, екі ел арасындағы экономикалық байланыстарды нығайту үшін зауыт қызметінің маңыздылығын атап өтті және қазақстандық әріптестермен тікелей байланыс орнатуға жәрдемдесуге дайын екенін білдірді.