
2025 жылғы 9 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының Самарқан қаласындағы Бас консулы Талғат Шарипов Самарқан облысының жетекші театр мекемелерінің басшыларымен кездесті. Кездесуге Самарқан облыстық музыкалық драма театрының директоры Ботир Тугалов, Самарқан облыстық қуыршақ театрының директоры Ферузбек Абдурайимов және Каттакурған қалалық драма театрының директоры Суннатолла Казаков қатысты.
Тараптар Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы мәдени ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ театр өнері саласындағы шығармашылық байланыстарды кеңейту жолдарын талқылады. Әсіресе, Самарқан қаласында өтетін Қазақстанның «Жастар» театрының алдағы гастрольдеріне ерекше назар аударылды.
Аталған гастрольдер аясында Қазақстанның бай мәдени мұрасын және заманауи театр өнерінің өзекті үрдістерін бейнелейтін қойылымдар ұсынылмақ. Сонымен қатар, гастрольдерді ұйымдастыруға байланысты техникалық қамтамасыз ету, жергілікті театр ұжымдарымен өзара іс-қимыл жасау мәселелері қарастырылды.
Кездесу барысында Самарқан облыстық музыкалық драма театрының директоры ұлы қазақ ойшылы әрі ақыны Абай Құнанбаевтың шығармалары негізінде өзбек тілінде спектакль қою бастамасын ұсынды. Бұл жоба Абай мұрасын Өзбекстанда кеңінен насихаттауға ғана емес, сонымен бірге екі бауырлас халықтың мәдени диалогы мен өзара рухани байытуының жарқын үлгісіне айналмақ.
Бас консулы осы бастамаға ризашылығын білдіріп, мәдени жобаларды жүзеге асыруға жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін атап өтті. Сондай-ақ мәдени алмасулар Қазақстан мен Өзбекстан халықтары арасындағы достық пен өзара түсіністікті нығайтып, бірлескен шығармашылыққа жаңа мүмкіндіктер ашатынын ерекше атап өтті.