Бас консул «Ургут» арнайы экономикалық аймағындағы бірқатар өндірістік кәсіпорын жұмысымен танысты

Бас консул «Ургут» арнайы экономикалық аймағындағы бірқатар өндірістік кәсіпорын жұмысымен танысты

2025 жылғы 3 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Самарқанд қ. Бас консулы Талғат Шарипов  Самарқанд облысында орналасқан «Ургут» арнайы экономикалық аймағындағы бірқатар өндірістік кәсіпорын жұмысымен танысты.

Бас консул «IDEAL» (тұрмыстық техника – тоңазытқыштар, газ плиталары, электр пештері), «DAOHU» (жүк автомобильдеріне арналған тіркемелер), «VOLNA» (тоңазытқыштар), «YEC GILAM» (кілемдер), «URGUT MICRO METAL» (гигиеналық құралдар, балаларға арналған жөргектер).

Кездесулер барысында қазақстан-өзбек әріптестігінің өзара тиімді бағыттары және екіжақты сауда-экономикалық байланыстарды кеңейту перспективалары талқыланды. Экономиканың түрлі салаларында бірлескен инвестициялық жобаларды ілгерілету мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Талғат Шәріпов біздің елдеріміздің өзара тиімді ынтымақтастықты дамыту үшін зор әлеуеті бар екенін атап өтіп, Қазақстанның іскер топтарымен әріптестік қарым-қатынас орнатуға күш салуға дайын екенін білдірді.