Меню

Страницы

Статья

Консулдық және визалық мәселелер

КОНСУЛДЫҚ БӨЛІМНІҢ ЖҰМЫС ТӘРТІБІ:

  • сағат 09.30-дан 12.30-ға дейін – құжаттарды қабылдау;
  • сағат 16.00-дан 17.00-ге дейін – дайын құжаттарды беру;
  • Сәрсенбі – қабылдамайтын күн.
  • Қызметтер бойынша консультация мына телефон арқылы алуға болады: +998900392040 (сағат 15.00-ден 18.00-ге дейін) немесе samarkand.consul@mfa.kz эл. пошта арқылы сұрақтарыңызға жауап ала аласыз.
  •  

Өзбекстанға баратын Қазақстан азаматтары үшін МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТ:

2024 жылдың 14 сәуірінен бастап Қазақстан азаматтарының Өзбекстан аумағында уақытша болу мерзімі өзгерді – тіркеусіз 30 күнтізбелік күнге дейін. 30 күнтізбелік күннен артық болған жағдайда Өзбекстанда тұрғылықты жері бойынша уақытша тіркеуден өту қажет.

Өзбекстан аумағына әкелу-әкету ережелері туралы мұнда оқыңыз

Өзбекстан аумағында пилотсыз ұшу аппараттарын (дрондар/квадрокоптерлер/авиамодельдер) әкелу, өткізу және пайдалану тәртібі туралы. Толығырақ сілтеме бойынша.

Өзбекстанның кедендік шекарасы арқылы оқ-дәрілерді немесе атыс қаруының негізгі бөліктерін өткізу тәртібі туралы. Толығырақ сілтеме бойынша.

Өзбекстан Республикасына діни мазмұндағы материалдарды әкелу тәртібі туралы. Толығырақ сілтеме бойынша

ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АУМАҒЫ АРҚЫЛЫ ЕСІРТКІ ҚҰРАЛДАРЫН, ПСИХОТРОПТЫҚ ЗАТТАР МЕН ПРЕКУРСОРЛАРДЫ ӘКЕЛУ, ӘКЕТУ ЖӘНЕ ТРАНЗИТТЕУ, СОНДАЙ-АҚ ОЛАРДЫҢ АЙНАЛЫМЫН БАҚЫЛАУ ТӘРТІБІН ЖЕТІЛДІРУ ТУРАЛЫ. Тыйым салынған және шектелген есірткі құралдарының тізімі Тәртіп

 

ҚР-дың Ташкент қ. Елшілігінің консулдық аймағына: Ташкент қаласы, Ташкент, Әндіжан, Хорезм, Науаи, Наманган, Сырдария және Ферғана облыстары кіреді.

ҚР-дың Самарқанд қ. Бас консулдығының консулдық аймағына: Самарқанд, Бұхара, Қашқадария, Жизақ, Сурхандария облыстары және Қарақалпақстан Республикасы кіреді.

 

Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелері:

1-2 қаңтар - Жаңа жыл

7 қаңтар - Рождество күні

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні

21-23 наурыз - Наурыз мейрамы

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні

7 мамыр - Отан қорғаушылар күні

9 мамыр - Мемлекеттік мереке - Жеңіс күні

28 маусым - Құрбан айт

6 шілде - Мемлекеттік мереке - Астана күні

30 тамыз - Мемлекеттік мереке - Конституция күні

25 қазан - Қазақстан Республикасының Күні

16-17 желтоқсан - Тәуелсіздік күні

 

Дата публикации
15 апреля 2022
Дата обновления
15 апреля 2022
Тип

Сейчас читают

18 апреля 2024
Шет ел азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Ақпарат
18 апреля 2024
Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту
Ақпарат
18 апреля 2024
Құжаттарды заңдастыру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары