Меню

Страницы

Статья

ҚАНДАС мәртебесін беру тәртібі

1. Қандас мәртебесін беру туралы өтінішті (бұдан әрі – өтініш) қандас мәртебесін алуға үміткер этникалық қазақ (бұдан әрі – өтініш беруші) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Құтты мекен" АЖ-дағы мобильдік қосымша арқылы не осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талап) тізбесінде көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесі арқылы береді.

2. "Құтты мекен" АЖ-дағы мобильдік қосымша арқылы берілген өтініш осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша этникалық қазақты оның өтінішін тіркеу туралы хабардар ете отырып, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдардың қарауы үшін "Қандас" ААЖ-ға келіп түседі.

3. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы берілген өтінішті Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемесінің қызметкері "Қандас" ААЖ-да тіркейді және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша этникалық қазақты оның өтінішін тіркеу туралы хабардар ете отырып, "Қандас" ААЖ арқылы халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға жібереді.

4. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган өтініш келіп түскен күннен кейін бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылықтар жасағаны туралыр айып келтіретін мәліметтердің және оның террористік немесе экстремистік ұйымдарға тиесілігі туралы өзге де ақпараттың болуын тексеру үшін:

      1) тиісті өңірлердің ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының аумақтық бөлімшелеріне;

      2) Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ақпараттық жүйесі арқылы сұрау салулар жібереді.

5. Ішкі істер органдарының, ұлттық қауіпсіздік органдарының аумақтық бөлімшелері этникалық қазақтардың құжаттар топтамасын алған күннен кейін жиырма жұмыс күні ішінде халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға өтініш берушінің Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылықтар жасағаны туралыр айып келтіретін мәліметтердің болуы немесе болмауы туралы ақпаратты және оның террористік немесе экстремистік ұйымдарға тиесілігі туралы өзге де ақпаратты жібереді.

6. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган ішкі істер органдары мен ұлттық қауіпсіздік органдарының аумақтық бөлімшелерінен ақпарат келіп түскен күннен кейін бір жұмыс күні ішінде "Қандас" ААЖ арқылы қоса берілген құжаттармен бірге өтінішті Комиссияның қарауына жібереді.

7. Комиссия өтініш келіп түскен күннен кейін он жұмыс күні ішінде оны қарайды және өтініш берушіге қандас мәртебесін беруден бас тарту туралы немесе мынадай шарттарды ескере отырып қандас мәртебесін беру туралы ұсыным шығарады:

      1) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес айқындалған өңірлерге қоныстандыру үшін;

      2) демографиялық дамуға қажеттілігі бар даму әлеуеті бар агломерация аумақтарында және ауылдық елді мекендерде, шағын және моноқалаларда, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларда қоныстандыру үшін;

      3) тұрғын үй мәселелерін өз бетінше шешу мүмкіндігімен Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын өтініш берушінің отбасымен және/немесе жақын туыстарымен қауышу үшін;

      4) тұрғын үй мәселелерін өз бетінше шешу мүмкіндігімен жұмыс берушілердің шақыруы бойынша бос жұмыс орнына жұмысқа орналасу үшін.

      Қандас мәртебесін беру немесе беруден бас тарту туралы ұсынымды комиссия қабылдайды және хаттамамен ресімделеді.

8. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган Комиссия ұсыным шығарған күннен кейін бір жұмыс күні ішінде:

      1) өтініш берушіге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес қандас мәртебесін беру туралы немесе беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды және қабылданған шешімді "Құтты мекен" АЖ арқылы өтініш берушіге және Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесіне жібереді;

      2) өтініш берушіге қандас мәртебесін беру туралы шешім қабылдаған кезде:

      өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің деректерін (бар болса) ЖТ МДҚ мемлекеттік дерекқоры арқылы оның (олардың) жеке сәйкестендіру нөмірінің (бұдан әрі – ЖСН) болуы тұрғысынан тексереді және ЖТ МДҚ-да ЖСН болмаған кезде "Қандас" ААЖ арқылы "Көші-қон полициясы" АЖ-ға ЖСН генерациялау үшін электрондық сұрау салуды жібереді. ЖСН бар екені анықталған кезде жаңа ЖСН генерациялау жүзеге асырылмайды және қолда бар ЖСН пайдаланылады;

      "Құтты мекен" АЖ арқылы өтініш берушіге немесе Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемесіне өтініш берушіге қандас мәртебесін беру туралы шешім жібереді, ол өтініш беруші шешімде көрсетілген қоныстандыру аймағына келген күні күшіне енеді, оған:

      осы Қағидалардың 9-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайлар болған кезде Қазақстан Республикасы Премьер-Министр орынбасары-Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 234 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32880 болып тіркелген) бекітілген жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде көшіру қағидаларына сәйкес әлеуметтік келісімшарт жобасы;

      бейімдеу мен интеграциялаудың жеке жоспарының жобасы қоса беріледі.

9. Жергілікті атқарушы орган өтініш беруші оған қандас мәртебесін беру туралы шешімде көрсетілген қоныстандыру аймағына келген күннен кейін үш жұмыс күні ішінде:

      бейімделу мен интеграцияның жеке жоспарына қол қояды;

      Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес айқындалған өңірлерге қоныстанған жағдайда әлеуметтік келісімшартқа қол қояды;

      қандас мәртебесі туралы шешімнің күшіне енгені туралы "Қандас" ААЖ-да белгісі бар осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қандас куәлігін береді.

10. Қандас мәртебесін беруден және ұзартудан бас тарту негіздері Заңның 20 бабында көзделген.

 

"Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік қызметтің атауы: "Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту".
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1. Жалпы тәртіпте мәртебе алу;
2. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы қандас мәртебесін беруге жергілікті атқарушы органның келісімі негізінде мәртебе алу;
3. Мәртебені ұзарту;
4. Қандас куәлігінің телнұсқасын беру;
5. Қандас мәртебесін ұзарту туралы шешімнің телнұсқасын беру.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Мемлекеттік қызметті облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары көрсетеді.

2

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті беру тәсілдері

Өтінішті қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының ЖАО, мемлекеттік корпорация және Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері (Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын этникалық қазақтар үшін), сондай-ақ www.egov.kz "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырады.

3

Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмі

Көрсету мерзімі – 35 жұмыс күні ішінде.
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты: көрсетілетін қызметті берушіде – 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут;
Көрсетілетін қызметті берушіде қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 20 минут, "бір өтініш" қағидаты бойынша Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде – 60 минут.

4

Мемлекеттiк қызмет көрсету нысаны

Қағаз/"бір өтініш" қағидаты бойынша көрсетілетін, электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі:
қандас мәртебесін беру кезінде – қандас куәлігін беру, қандас мәртебесін ұзартқан жағдайда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органның шешімі.
Мемлекеттік корпорация мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінде 1 (бір) жыл ішінде құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді.
Өтініш берушінің сұрау салуы бойынша Мемлекеттік корпорацияның қызметкері Мемлекеттік корпорацияның ақпараттық жүйесінен түсіре отырып, жергілікті атқарушы органнан бұрын алынған қандас куәлігін береді.

6

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, мемлекеттік қызмет алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алынатын төлем мөлшері

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – интернет-ресурста орналастырылған www.enbek.gov.kz. "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі;
2) Мемлекеттік корпорацияда – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерден басқа, өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру Мемлекеттік корпорация арқылы дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, Мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдерінда дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет тұрғылықты жері бойынша электрондық кезек тәртібімен, жеделдетілген қызмет көрсетусіз көрсетіледі, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады.
3) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы.
4) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары мемлекеттік корпорацияның интернет-ресурсында орналастырылған: www.gov4c.kz.

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

Өтініш беруші мынадай құжаттарды ұсынады:
1. Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелері арқылы қандас мәртебесін беруге жергілікті атқарушы органның келісімі негізінде жалпы тәртіппен мәртебе және мәртебе алу үшін:
1) өмірбаян (еркін нысанда);
2) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен (туу туралы куәліктер, шетелдік паспорт, азаматтығы жоқ адамның куәлігі немесе үміткерлердің ұлтын растайтын этникалық қазақтар шыққан елдің арнаулы органдарының басқа да ресми құжаттары);
3) өтініш берушінің осы Қағидалардың 2-тармағының 18) тармақшасында көзделген шарттарға сәйкестігін белгілейтін құжаттардың көшірмелері.
Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқада және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары (өмірбаянын қоспағанда) өтініш берушіге қайтарылады.
2. Мәртебені ұзарту үшін:
өтініш беруші осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес өтініш береді.
3. Қандас куәлігінің телнұсқасын және қандас мәртебесін ұзарту туралы шешімді беру:
өтініш беруші осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес өтініш береді.
Өтініш берушілерден ақпараттық жүйелерден алынуы мүмкін құжаттарды талап етуге жол берілмейді.

9

Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту негіздемелері

Қандас мәртебесін беру не одан бас тарту туралы шешімді жергілікті атқарушы орган қабылдайды және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы орган өтінішті тіркеген күннен кейін 35 жұмыс күні ішінде ресімдейді.
Жергілікті атқарушы орган қандас мәртебесін беруден және ұзартудан және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына мынадай негіздер бойынша енгізуден бас тартады:
1) үміткерлердің осы Қағидалардың 2-тармағының 18) тармақшасында белгіленген шарттарға сәйкес келмеуі;
2) мемлекеттік қызметті алу үшін этникалық қазақ ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық установстігін анықтау;
3) қандас мәртебесін беру және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы қолдаухат беретін этникалық қазақтардың Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылықтар жасағаны туралы және олардың террористік немесе экстремистік ұйымдарға жататындығы туралы өзге де ақпараттың болуы;
4) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес ұсынылатын этникалық қазақтың қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімінің болмауы;
5) аумақтық-әкімшілік бірлікте қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасының болмауы немесе этникалық қазақтың қоныстандыру үшін ұсынылған аумақтық-әкімшілік бірліктен бас тартуы.
Сондай-ақ, "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабында көзделген негіздер мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту болып табылады.

10

Көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген өзге де талаптар, оның ішінде мемлекеттік корпорация арқылы және электрондық нысанда

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары интернет-ресурста Көрсетілген www.gov.kz. "Мемлекеттік қызметтер" бөлімі, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777.
Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану қабілетін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды "1414", 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну арқылы мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып жүргізеді.

Дата публикации
22 ноября 2023
Дата обновления
22 ноября 2023
Тип

Сейчас читают

18 апреля 2024
Шет ел азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Ақпарат
18 апреля 2024
Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту
Ақпарат
18 апреля 2024
Құжаттарды заңдастыру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары