Меню

Страницы

Статья

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ШЕТ ЕЛДЕРДЕ ЖҮРГЕН АЗАМАТТАРЫНА ПАСПОРТТАР ЖАСАУҒА ЖІБЕРУ

 

• Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұратын;
• Шет мемлекеттер аумағында орналасқан оқу орындарында білім алатын;
• Еңбек шарты бойынша шет мемлекеттерде жұмыс істейтін;
• Кәмелетке толмағандар, егер олар Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған болса;
• Осы адамдардың олармен бірге тұратын отбасы мүшелері;
• Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұратын шетелдіктің отбасы мүшелері болып табылатын;
• Кәрілікке байланысты өзін-өзі күтуге қабілетсіз адамдар (қарт адамдар) және олардың өмірлік қызметін шектейтін дене функцияларының тұрақты бұзылуы бар денсаулығында ақауы бар адамдар, сондай-ақ өзін-өзі ұстауға қабілетсіз жақын туыстарына қамқорлық жасайтын адамдар;
• Ұсталған немесе қамауда ұсталған, қамауға алынған, сондай-ақ шет мемлекеттің аумағындағы қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жатқандар.

    1. өтініш;
    2. туу туралы куәлік (16 жасқа толмаған бала паспорт алған кезде) және баланың азаматтығын растау үшін ата-анасының біреуінің жеке басын куәландыратын құжат. Шетелдіктің ата-анасынан баланың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды алуға нотариалды расталған өтініш-келісімі (бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туған және ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған жағдайда, олардың біреуі бала туған кезде Қазақстан Республикасының азаматтығында болған және осы уақытта ата-анасының екеуі де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері болған жағдайда);
    3. Қазақстан Республикасы азаматының паспорты (паспортты ауыстырған кезде);
    4. өлшемі 3,5х4,5 сантиметр төрттүрлі-түсті фотосурет (фотосуреттер құжатты ресімдеу кезіндегі көрсетілетін қызметті алушының жасына сәйкес келуі және қатаң түрде жарық жерде алдынан түсірілген, бейтарап бет-әлпеті көрінісімен және ауызы жабық түскен, бет-әлпеті фотосуреттің жалпы ауданының 75% - ға жуығын алатын болуы тиіс. Фотосуреттер бір негативтен қалың фотоқағазға фото басып шығару әдісімен орындалады. Компьютерлік сканерлеу, модельдеу немесе ксерокөшірме әдісімен дайындалған суреттерді пайдалануға жол берілмейді);
    5. Кету парағы – түпнұсқа және 1 көшірме (тұрақты тұруға жол жүруге рұқсат);
    6. Өзбекстанда тұруға ықтиярхат – түпнұсқасы және 1 көшірмесі
    7. Қабылдаушы елдің құзыретті органының азаматтығының жоқтығы туралы анықтама;
    8. Консулдық алымды төлеу туралы түбіртек.

    Ұсынылған мәліметтерді салыстыруды жүзеге асыру үшін келесілерді қоса тіркеу қажет: 

    1. Өтініш берушінің туу туралы куәлігі, түпнұсқа және 1 көшірме;
    2. Неке қию (бұзу) туралы куәлік, түпнұсқа және 1 көшірме;
    3. 16 жасқа дейінгі балалардың туу туралы куәліктері,түпнұсқа және 1 көшірме. 

100 АҚШ доллары

90 күнтізбелік күн.

 

 

 

Дата публикации
22 ноября 2023
Дата обновления
22 ноября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

18 апреля 2024
Шет ел азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Ақпарат
18 апреля 2024
Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту
Ақпарат
18 апреля 2024
Құжаттарды заңдастыру

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары