GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Бас Консулдық туралы
Консулдық мәселелер
Байланыс ақпарат
Екіжақты ынтымақтастық
Все материалы
21 октября 2026
Бас консулдыққа келушілердің назарына!

Ұлттық мерекеміз - Республика күніне байланысты, 26 қазан азаматтарды қабылдау жүргізілмейді.

27 қазаннан бастап Бас консулдық әдеттегідей жұмыс істейді.

Көрсетілген күндерде тек төтенше жағдайлар бойынша +7 (921) 188-90-60 «жедел желі» телефоны жұмыс істейді.

19 октября 2026
Мемлекет басшысы Ресейдің Ленинград облысының губернаторы Александр Дрозденконы қабылдады

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігін дамытуда өңіраралық ықпалдастықтың маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ленинград облысының өнеркәсіп және көлік-логистика салаларындағы айтарлықтай әлеуетіне тоқталып, Қазақстан аталған аймақпен тиімді ынтымақтастық аясын кеңейтуге дайын екенін растады. Президенттің айтуынша, Ленинград облысымен сауда-экономикалық қарым-қатынастар қарқынды дамып келеді. Былтыр өзара тауар айналымы 400 миллион доллардан асқан.

Александр Дрозденко қонақжайлық танытқаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Ресей Президенті Владимир Путиннің сәлемін жеткізді. Губернатор Ұлы Отан соғысы жылдарында Ленинград үшін шайқасқан қазақстандықтардың батырлығы мен қаһармандығын ерекше атап өтті. Сонымен қатар олардың ерлігі туралы естеліктер көздің қарашығындай сақталатынына назар аударды.

Әңгімелесу барысында өнеркәсіп, атом энергетикасы, көлік және агроөнеркәсіп кешені салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру перспективасы, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық бағыттағы ынтымақтастықты тереңдету мүмкіндіктері талқыланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы одақтастық қатынастарды нығайтуға қосқан үлесі үшін Александр Дрозденконы II дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.

03 сентября 2026
Санкт‑Петербургте Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың рухына құрмет көрсетілді

         Санкт‑Петербург, 2026 жылдың 2 қыркүйегі — Санкт‑Петербургтің Қрасногвардейский ауданында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұловаға арналған ескерткішке гүл шоқтарын қою салтанаты өтті.

         Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Санкт‑Петербургтегі Бас консулдығының өкілдері, Алматы қаласының әкімі, Санкт‑Петербургтің Сыртқы байланыстар комитетінің, Красногвардейский ауданының әкімшілігінің, Заң шығару жиналысының өкілдері қатысты.

03 сентября 2026
Санкт‑Петербургтегі көрме: Семей ядролық полигонының жабылғанына арналған естелік

         Қазақстан Республикасының Санкт‑Петербургтегі Бас консулдығы Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы Қазақстанның бастамасымен белгілеген Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс‑қимыл күніне орай қазақстандық суретші Талғат Досмановтың сурет көрмесін ұйымдастырды.

         Дәл 35 жыл бұрын күрделі халықаралық жағдайда Семей ядролық сынақ полигоны жабылды. Ондаған жылдар бойы ол адамдардың денсаулығына және қоршаған ортаға қайтымсыз зиян келтірді, халқымыздың тағдырында ауыр із қалдырды. Бұл дата бүкіл адамзатқа сынақтардың қайғылы салдары туралы еске салу болып қала береді.

         Жаңа Конституцияның кіріспесінде бекітілген барлық мемлекеттермен бейбітшілік пен достық қарым‑қатынасқа ұмтылу Қазақстанның сыртқы саясатының бұзылмайтын қағидасы болып табылады.

20 августа 2026
Санкт-Петербургте Абай күніне арналған іс-шара өтті

2026 жылғы 20 тамызда Санкт-Петербург қаласындағы В. Маяковский атындағы кітапханада ұлы қазақ ақыны, ойшыл және ағартушы Абай Құнанбайұлының шығармашылық мұрасына арналған мәдени-ағартушылық іс-шара өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығының өкілдері, студенттер, кітапхана оқырмандары және қала тұрғындары қатысты. Кездесу барысында Абайдың әдеби және рухани мұрасы, оның философиялық және адамгершілік идеялары кеңінен талқыланды. Студенттер ақынның өлеңдері мен шығармаларынан үзінділер оқып, әдеби композиция ұсынды.

Кітапхана қорына Абай Құнанбайұлының шығармалары табысталды. Бұл бастама оқырмандар арасында қазақ әдебиеті мен мәдениетін кеңінен насихаттауға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулы Д.Михно өз сөзінде Абай мұрасының ұлттық рухани құндылықтарды сақтау және дәріптеудегі маңызын атап өтіп, мәдени өзара іс-қимылды дамытудың маңыздылығына тоқталды.

Іс-шара соңында Бас консул Қазақстан Республикасының азаматтарын 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Құрылтай сайлауына қатысуға шақырды.

Іс-шара жылы әрі мазмұнды атмосферада өтті.

08 мая 2026
Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығының өкілдері Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды еске алды

Санкт-Петербург, 2026 жылғы 8 мамыр - 81 жылдығы қарсаңында Жеңістер Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығының өкілдері мен Санкт-Петербург қаласындағы әскери оқу орындарында оқитын қазақстандық тыңдаушылар дәстүр бойынша Пискаревск мемориалдық зиратында орналасқан «Мать-Родина» монументіне және – Ленинградты қорғаушыларына атты Қазақстанның тумаларына арналған мемориалдық тақтасына гүл қою рәсімін өткізіп, еске алды.  

Еске алу шарасына дипломатиялық корпустың, мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

06 мая 2026
Жеңістің 81 жылдығы қарсаңында Санкт-Петербург қаласында Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованы еске алды

Санкт-Петербург, 2026 жылғы 6 мамыр - Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығы қарсаңында Санкт-Петербург қаласының Красногвардейск ауданындағы Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті.

Салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығының, Санкт-Петербург қаласының Сыртқы байланыстар комитетінің, Красногвардейск ауданының әкімшілігінің, Санкт-Петербург заң шығару жиналысының өкілдері, әскери академияның тыңдаушылары, қазақ диаспорасы және Санкт-Петербург қаласындағы №140 мектеп оқушылары қатысты.

05 мая 2026
Қазақстанның Бас консулдығы Псков облысындағы қазақстандық батырлардың рухына тағзым етті

Жеңістің 81 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығының өкілдері Псков облысына сапармен барды.

Делегация мүшелері өңір басшылығымен, Псков облысы Әкімшілігінің өкілдерімен, Псковтағы Ресей СІМ өкілімен және Санкт-Петербургтегі әскери академиялардың қазақстандық тыңдаушыларымен бірге Монаково ауылындағы бауырластар зиратына барды. Қатысушылар өңірді азат ету кезінде қаза тапқан жауынгерлерді еске алып, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың мемориалдық тақтасына гүл шоқтарын қойды.

Салтанатты іс-шаралар Новосокольники қаласында жалғасты. Дипломаттар мен облыс өкілдері қазақ халқының аты аңызға айналған қаһарман қызы, мерген Әлия Молдағұлованың өлмес ерлігіне тағзым етіп, ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.

29 апреля 2026
Санкт-Петербургте қазақстандық авторлардың шығармаларын ресейлік мектептер мен кітапханаларға салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті

Санкт-Петербург, 2026 жылғы 29 сәуір — Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітап күніне орай білім беру мекемелері мен Ленинград облысы Кириш ауданы Әкімшілігі өкілдерімен ресми кездесу өтті.

Садық Жұмабаев атындағы «Пчев орта жалпы білім беру мектебі» мен Санкт-Петербургтің Красногвардейск ауданындағы Әлия Молдағұлова мұражайы орналасқан №140 орта мектептің кітапхана қорларына ұлы қазақ ақыны, философ әрі ағартушысы Абай Құнанбаевтың іргелі еңбектері мен шығармалары, сондай-ақ қазақ ертегілерінің жинақтары сыйға тартылды.

 

           

29 апреля 2026
Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығына келушілердің назарына!

Қазақстан халқының бірлігі күнін, Отан қорғаушылар күнін және Жеңіс күнін мерекелеуге байланысты - 1, 7 және 11 мамыр демалыс күндері болып табылады.

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары