Меню

Страницы

Статья

Шетелде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу

Шетелде қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу

1) шетелде  қайтыс болуды мемлекеттік тіркеу туралы өтініш;);

2) медициналық ұйым берген қайтыс болуы туралы белгіленген нысандағы құжат;

3) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты, қайтыс болған адамның жеке куәлігі (болған жағдайда, қайтыс болған адамның жеке куәлігі болмаған жағдайда өтініште себептері көрсетілуі тиіс);

4) көрсетілетін қызметті алушының өкілі өтініш білдірген жағдайда нотариалды куәландырылған сенімхат;

5) қайтыс болған адамның әскери билеті (болған жағдайда);

6) қажет болған жағдайда жақын туысты растайтын құжат (салыстыру үшін).

Жеке тұлғаның (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) құжаттар топтамасын тапсырған күнінен бастап көрсетілетін қызметті берушіге көрсету мерзімі – 3 (үш) жұмыс күні.
Шет мемлекеттің құзыретті мекемесі не оған арнайы уәкілетті тұлға өз құзыреті шегінде және белгіленген нысан бойынша берген немесе куәландырған шет мемлекеттің елтаңбалы мөрімен бекітілген құжаттар арнайы куәлік (заңдастыру немесе апостильдеу) рәсімінен өткеннен кейін ғана қабылданады (Қазақстан Республикасының Жоғары Кеңесінің 1993 жылғы 31 наурыздағы қаулысымен ратификацияланған, 1993 жылғы 22 қаңтарда Минск қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға және Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы Заңымен ратификацияланған, 2002 жылғы 7 қазанда Кишинев қаласында жасалған Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек пен құқықтық қатынастар туралы конвенцияға қатысушы елдер үшін талап етілмейді).

https://kazembassy.ru/rus/bronirovanie_sankt-peterburg

Қабылдау уақыты: дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма, 09:30 - 12:30

Құжаттарды беру: 16:00 - 17:00

 E-mail: s-petersburg@mfa.kz
Тел: +7(812) 335-25-46( сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін ) 
Дата публикации
03 апреля 2020
Дата обновления
03 апреля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

06 ноября 2025
Шет елге шығатын ҚР азаматтары үшін жадынама
22 апреля 2024
Шет ел азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Ақпарат
22 апреля 2024
Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары