Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік алу
Некені бұзуды тіркеу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды бірлескен өтініш берген күннен бастап бір ай мерзім өткеннен кейін көрсетіледі.
Егер ерлі-зайыптылар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін өздеріне белгіленген күні Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне келе алмаса, олар Қазақстан Республикасының шет елдегі мекемесіне некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы өтінішпен қайтадан жүгіне алады, ол некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу үшін тағы бір айлық мерзім тағайындайды.
Консулдық алым 4500 рубль құрайды. Консулдық алымды консулдықта QR-код арқылы, немесе қызметкер берген түбіртек бойынша төлей аласыз.
https://kazembassy.ru/rus/bronirovanie_sankt-peterburg
Қабылдау уақыты: дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма, 09:30 - 12:30
Құжаттарды беру: 16:00 - 17:00