Меню

Страницы

Статья

Шетелде неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу

Неке қию туралы куәлік алу

1. Неке жасына жеткен адамдар көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде:
1) Шетелде азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу саласында мемлекеттік қызмет көрсету, сондай-ақ азаматтық хал актілерін тіркеу туралы қайталама куәліктер мен анықтамалар беру қағидаларына (бұдан әрі – Қағида) 10-қосымшаға сәйкес некеге тұру (ерлі-зайыпты болу) туралы өтініш;
2) некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттар немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (салыстыру үшін);
3) Қазақстан Республикасының азаматы мен шетелдіктің некесін тіркеу кезінде, жеке басын куәландыратын құжаттарды ұсынумен қатар, құжат мәтінінің қазақ немесе орыс тілдеріндегі нотариалды куәландырылған аудармасы ұсынылады;
4) некеге тұрушылардың (ерлі-зайыпты болушылардың) некеге құқықтық қабілеттілігі туралы анықтамалар ;
5) бұрынғы некенің тоқтатылғанын растайтын құжат (бар болса): некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік немесе заңды күшіне енгені туралы белгісі бар некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы сот шешімі, жұбайының қайтыс болуы туралы куәлік не некені жарамсыз деп тану туралы сот шешімі, ерлі-зайыптылардың бірін қайтыс болды деп жариялау немесе хабар-ошарсыз кетті деп тану (салыстыру үшін);
6) консулдық алымның төленгенін растайтын құжаттың түпнұсқасы;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген некені (ерлі-зайыптылықты) тіркеу мерзімін қысқарту немесе ұзарту қажет болған кезде мерзімді қысқарту немесе ұзарту негіздерін растайтын құжат: жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссияның анықтамасы, денсаулық жағдайы туралы анықтама, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, басқа да ерекше жағдайларды растайтын қосымша құжаттар ұсынылады.
2. Егер некеге (ерлі-зайыптылыққа) жасы толмаған адамдар тұрса, қосымша:
1) неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету туралы өтінішті Қағидалардың 11-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ата-аналар не қорғаншылар (қамқоршылар) неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету қажеттілігін туындататын себептерді көрсете отырып және осы мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көрсетілген қажетті құжаттармен қоса береді;
2) неке (ерлі-зайыптылық) жасын төмендету себептерін растайтын құжаттар (жүктілік туралы дәрігерлік-біліктілік комиссиясының анықтамасы, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, кәмелетке толмаған ата-анасының туу туралы куәлігінің көшірмесі, кәмелетке толмағандардың ата-анасының неке қию/некені бұзу туралы куәлігінің көшірмесі, кәмелетке толмағандардың ата-анасының және кәмелетке толмаған азаматтардың өздерінің жеке басын куәландыратын құжаттар);
3) некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың заңды өкілдерінің келісімі);
4) кәмелетке толмаған ата-анасының туу туралы куәлігі, кәмелетке толмағандардың ата-анасының неке қию/ некені бұзу туралы куәлігі, кәмелетке толмағандардың ата-анасының және кәмелетке толмаған азаматтардың өздерінің жеке басын куәландыратын құжаттары) (салыстыру үшін).

1) жеке тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап қызмет көрсету мерзімі – күнтізбелік он бес күн өткен соң;
2) некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың бірлескен өтініші бойынша тиісті құжаттармен расталған ерекше мән-жайлар (жүктілік, бала туу, тараптардың бірінің өміріне тікелей қатер төнген және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде көрсетілетін қызметті беруші неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеу орны бойынша күнтізбелік он бес күн өткенге дейін неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) тағайындайды не көрсетілетін қызметті алушылардың жазбаша өтініші негізінде бұл мерзімді күнтізбелік он бес күннен асырмай ұзартады;
3) ерекше мән-жайлар (жүктілік, бала туу, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнген және басқа да ерекше мән-жайлар) болған кезде некеге отыратын (ерлі-зайыпты болатын) адамдардың қалауы бойынша неке қиюды (ерлі-зайыпты болуды) мемлекеттік тіркеудің себептері және растайтын құжаттарын міндетті түрде көрсете отырып, өтініш берілген күні жүргізіледі.

Кодекстің 11-бабында көрсетілген адамдар арасында неке қиюға (ерлі-зайыпты болуға) жол берілмейді.

Некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу некеге отыратын адамдардың қатысуымен жүргізіледі.

Некеге тұратын адамдар көрсетілетін қызметті берушіге жеке басын куәландыратын құжаттармен немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатпен бірге белгіленген неке қиюды тіркеу күні келуге міндетті. Белгіленген күні некеге отыратын адамдар не олардың біреуі келмеген жағдайда, неке қию туралы акт жазбасы келесі күнтізбелік жұмыс күні күшін жоюға жатады.

Сомасы - 3 500 Ресей рублі

Қабылдау уақыты: дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі, жұма, 09:30 - 12:30

Құжаттарды беру: 16:00 - 17:00

мекен-жайы Чайковский көшесі 71 үй

 E-mail: s-petersburg@mfa.kz
Тел: +7(812) 335-25-46(сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін консулдық мәселелер бойынша кеңес беру )
Дата публикации
03 апреля 2020
Дата обновления
10 августа 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

06 ноября 2025
Шет елге шығатын ҚР азаматтары үшін жадынама
22 апреля 2024
Шет ел азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Ақпарат
22 апреля 2024
Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары