Меню

Страницы

Статья

Қазақстанға виза алу

 

Қазақстанға виза алу

  1. 3,5 х 4,5 сантиметр көлеміндегі түрлі-түсті немесе ақ - қара фотосуреті бар визалық сауалнама – 1 дана. (өтініш басып шығарылып, толтырылуы керек).
  2. Визалық қолдау нөмірі бар Қазақстан Республикасынан шақыру хатының көшірмесі (визаны оңайлатылған тәртіппен ресімдеу кезінде визалық қолдау талап етілмейді, бірақ шақырушы тарапынан компанияның фирмалық бланкісінде еркін нысанда жазылған өтініш қажет).
  3. Қазақстан Республикасынан шақыру хатының болуы талап етілмейтін төменде көрсетілген виза алушыларға арналған өтініш  – 1 дана.:
    • визаны оңайлатылған тәртіппен ресімдеу үшін тізімде көрсетілген елдердің азаматтарына – "А3", "В1", "В3", "В10" және "В12" (сілтеме)
    • бұрынғы отандастарға (Қазақстан Республикасымен байланысын растайтын құжаттары, оның ішінде Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасында немесе Қазақстан Республикасында туылғандығын дәлелдейтін құжат, туу туралы куәлік немесе Қазақстан Республикасының Неке қию туралы куәлігінде тиісті белгісі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы немесе Қазақстан Республикасының азаматтығын жоғалту анықтамасы болуы тиіс) – "В10";
    • шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ тұлғаларға - "В4", " В5", "В8", "В10" (жерлеуге немесе туыстары/жақындары ауырған жағдайда, ҚР азаматтарының отбасы мүшелеріне немесе ата – аналарына, сондай-ақ олардың заңды өкілдеріне, этникалық қазақтардың отбасы мүшелеріне-бір реттік виза ресімдеу үшін), "В13", " С1", "С2", "С4"( 90 тәулікке дейінгі мерзімге бір реттік виза ресімдеу үшін) және "С10" (ұлты қазақ азаматтарға).
  4. Шет мемлекеттің жарамды дипломатиялық, қызметтік, шетелдік паспортының түпнұсқасы және паспорттың 1-ші бетінің көшірмесі (паспорттың қолданылу мерзімі сұратылған визаның қолданылу мерзімінен кемінде 3 айға артық болуы тиіс. Төлқұжатта кем дегенде виза жапсыратын бір бос бет болуы керек).
  5. Ресей Федерациясында тұрақты тұруға, іскерлік немесе инвесторлық мақсаттар үшін ұзақ тұруға, еңбек қызметін жүзеге асыруға, білім алуға, емделуге келгенін растайтын құжаты, түпнұсқа және 1 көшірме.
  6. Виза алу үшін қажетті қосымша құжаттар (сілтемеде көрсетілген 1-қосымшаға сәйкес сұралатын виза санатына байланысты) – мұнда қараңыз
  7. Консулдық алым төленгені туралы құжат. 

5 күн

Құжаттар жеке өзі жүгінген кезде ғана қабылданады және беріледі

(сот әрекетке қабілетсіз деп таныған балалар мен азаматтар үшін олардың заңды өкілдері (ата-аналары, қорғаншылары, қамқоршылары) өкілдік ету өкілеттігін растайтын құжаттарды ұсынған жағдайда өзге азаматтардан құжаттарды қабылдап/беруге болады)

– бір мәртелік виза (туристік және транзиттік визалардан басқа) – 8 000 Ресей рублі;

– көп мәртелік виза – (туристік және транзиттік визалардан басқа) – 20 000 Ресей рублі;

– туристік бір мәртелік виза – 6 000 Ресей рублі;

– туристік көп мәртелік виза – 9 000 Ресей рублі;;

– транзиттік бір мәртелік виза – 2 000 Ресей рублі;

– транзиттік көп мәртелік виза – 9 000 Ресей рублі;.

Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 629-бабының 7-тармағына сәйкес төленген консулдық алым қайтарылуға жатпайтынына назар аударамыз.

 E-mail: s-petersburg@mfa.kz
Тел: +7(812) 335-25-46( сағат 16:00-ден 18:00-ге дейін ) 



Дата публикации
03 апреля 2020
Дата обновления
10 августа 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

06 ноября 2025
Шет елге шығатын ҚР азаматтары үшін жадынама
22 апреля 2024
Шет ел азаматтары үшін консулдық бөлім қызметтері
Ақпарат
22 апреля 2024
Қазақстан Республикасына кіруге және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік өтуге визалар беру, олардың мерзімін ұзарту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары