ҚР аумағынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге рұқсатты ресімдеген азаматтар үшін:
- өтініш (Ересек); өтініш (Балалар)
- ҚР азаматының паспортының түпнұсқа және бірінші парақтың көшірмесі. Егер паспорт болмаған немесе жоғалтып алған жағдайда жазбаша түсініктеме не аталған фактіні растайтын басқа құжат ұсынылады;
- шетел азаматы паспортының бірінші парақтың көшірмесі немесе шет мемлекеттің азаматтығын растайтын басқа құжат.
- ҚР аумағынан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткенін растайтын құжаттың көшірмесі (мекенжай кету парағы не ТМККК шығу туралы шешім, не паспортындағы мөртабан)
Келесі жағдайларда қосымша құжаттар тапсырылады:
Анықтамалық деректер өзгерген жағдайда (А.Ә.Т):
- аталған фактіні растайтын құжат;
Кәмелет жасқа толмаған баласы үшін ата-анасы (ҚР азаматы немесе ҚР азаматы болған) құжат тапсырған жағдайда:
- баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
- ата-аналарының жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмесі;
- кәмелет жасқа толмаған баласының ҚР азаматтығын жоғалтуға нотариалды расталған екінші ата-анасының (ҚР азаматы болған жағдайда) келісімі.
ҚР аумағынан тыс жерге тұрақты тұруға кетуге рұқсатты ресімдемеген азаматтар үшін:
өтініш
- өтініш (ҚР азаматы немесе ҚР азаматы болған ата-анасы қолмен толтырады);
- ҚР азаматының паспорты түпнұсқа және бірінші парақтың көшірмесі;
- ҚР азаматының жеке куәлігі түпнұсқасы және көшірмесі;
- ҚР азаматының паспорты және/немесе жеке куәлігі болмаған немесе жоғалтып алған жағдайда жазбаша түсініктеме немесе аталған фактіні растайтын басқа құжат ұсынылады (16 жасқа толмаған балаларда ҚР азаматының жеке куәлігі болмағаны үшін түсініктеме жазудың қажеті жоқ);
- егер ҚР азаматы паспортына және/немесе ҚР азаматы жеке куәлігіне зақым келсе (жыртық, күйген, су тиген және т.б.) еркін нысанда түсініктеме;
- шетел азаматы паспортының көшірмесі немесе шет мемлекеттің азаматтығын растайтын басқа құжат;
Келесі жағдайларда қосымша құжаттар тапсырылады:
Анықтамалық деректер өзгерген жағдайда (А.Ә.Т):
- аталған фактіні растайтын құжат.
ЕСКЕРТПЕ: шет тілде жасалған құжаттарды мемлекеттік немесе орыс тіліне аудармамен табыстауға міндетті. Шетелдік паспорттың аудармасы қажет емес.