РЕСЕЙ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ АУМАҒЫНДА ТҰРАТЫН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АЗАМАТТАРЫНЫҢ КОНСУЛДЫҚ ЕСЕБІ
(Осы ақпаратты соңына дейін оқып шығуыңызды сұраймыз)
ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР!
Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығы консулдық округте тұратын (Санкт-Петербург, Карелия Республикасы, Архангельск облысы, Вологда облысы, Калининград облысы, Ленинград облысы, Мурманск облысы, Новогород облысы, Псков облысы) келесі санаттағы Қазақстан Республикасының азаматтарының есебін жүргізеді:
1) консулдық округ аймағында тұрақты тұрып жатқандарды;
2) консулдық округ аймағына уақытша келгендердi.