
Осы жылғы 25 ақпанда Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев пен «Green Spark Limited» итальяндық компаниясының бизнесті дамыту жөніндегі директоры Марко Кастаньини Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында гибридті электр станциясын салу туралы келісімге қол қойды. Электр станциясы өңірдің екі оңтүстік ауданын – Жәнібек және Бөкей ордасы аудандарын электр қуатымен қамтамасыз ететін болады.
Станцияның құрылысы жеке инвестициялар есебінен жүзеге асырылатын болады. Электр энергиясы күн панельдерінің арқасында және газды қайта өңдеу арқылы өндіріледі.
Станция Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданының Өнеге ауылының жанында ауданы 20 га учаскеде салынатын болады.
«Green Spark Limited» – мұнай-газ саласында қызмет көрсететін компания. Қазақстанда 2017 жылдан бастап жұмыс істейді.
Дереккөз: "www.kazpravda.kz"