
Монтесильвано қаласы, 15 қараша 2024 жыл - Әлем чемпионатына 82 елден 700-ден астам шахматшы қатысуда. Қазақстаннан әлемдік біріншілікке құрамында 32 жас шахматшы бар делегация келді, олардың арасында көптеген халықаралық турнирлердің жүлдегерлері бар.
Ел намысын қорғауға U10 санатындағы 2023 жылғы әлем чемпионы Данис Қуандықұлы, қазіргі Азия чемпиондары Ризат Ұлан (U8) және Нұралы Болашақов (U10), күміс жүлдегер Аланна Берікқызы (U10) келді.
Италиядағы шахмат турниріне сондай-ақ 2024 жылғы Қазақстан чемпиондары Нұрмұхамед Елемес пен Әлиша Бисалиева (U8), Әлімжан Жауынбай және Әлия Жұмамбаева (U10), Ернұр Ержанұлы және Ханзада Аманжол (U12) келді.
Монтесильваноға жас отандастарымызды қолдауға келген Қазақстанның Италиядағы Елшісі Ерболат Сембаев чемпионаттың ашылу салтанатында шахмат тақтасында символдық алғашқы жүріс жасады.
Қазақстандық делегацияға ілтипат білдіре отырып, Е.Сембаев біздің шахматшылардың әлеуеті зор екенін және турнирде жоғары орындар үшін күш сынасуға барлық мүмкіндіктері бар екенін атап өтті.
Елші жас шахматшыларға әлем чемпионатында табыс тіледі.