Италия Президенті Серджо Маттарелла Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің ұлттық мерекесі - Республика күніне байланысты құттықтау хат жолдады

Италия Президенті Серджо Маттарелла Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің ұлттық мерекесі - Республика күніне байланысты құттықтау хат жолдады

Өз хатында Президент С.Маттарелла Қазақстан мен Италия арасындағы ынтымақтастықтың бейбітшілікке, тұрақтылыққа, қауіпсіздікке және тұрақты өсу перспективаларына кепілдік беретін ережелерге негізделген халықаралық тәртіпті сақтауды талап ететін қазіргі күрделі геосаяси жағдайдағы маңызы ерекше екендігін атап өткен.

«Сіздің осы жылғы қаңтар айындағы сәтті сапарыңыз біздің елдерімізді біріктіруге және екіжақты деңгейде де, Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы қатынастар шеңберінде де саяси, экономикалық және мәдени салалардағы ынтымақтастықты нығайтуды жалғастыруға бағытталған стратегиялық әріптестігіміздің тереңдігіне көз жеткізуге мүмкіндік берді», - делінген хатта.

Италия Президенті Қазақстан халқына ұлттық мереке – Республика күніне орай шынайы құттықтауын жеткізді.