
Рим, 6 қазан 2024 ж. ҚР Римдегі Елшілігі жанындағы №377 референдум учаскесі жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де ашылды. Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты республикалық референдумда дауыс беруге ҚР азаматтары таңнан бастап келе бастады.
Референдумда дауыс берген азаматтардың арасында Италияда жұмыс істейтін қазақстандықтар, студенттер, елімізден келген туристер болды. Римнен басқа олар елдің Милан, Болонья, Сиена сияқты қалаларынан да келді.
ҚР Италиядағы Елшілігі қазақстандық студенттердің дауыс беруін қамтамасыз ету үшін Милан қаласына жылжымалы сайлау жәшігін ұйымдастырды.
Қазақстан Республикасының Елшілігі дауыс беру процесінің ашықтығы мен жариялылығын, референдум учаскесінің үздіксіз жұмыс істеуін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдады.