Құрметті отандастар!
2024 жылғы 6 қазанда (Рим уақытымен 07:00-ден 20:00-ге дейін) Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшілігі жанындағы №377 референдум учаскесінде Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесіне қатысты республикалық референдумда дауыс беру өтеді.
Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған, сайлау құқығына ие әрбір азаматы республикалық референдумға қатысуға конституциялық құқығы бар.
Сіздердің деректеріңіздің референдумға қатысушылар тізімінде болуы Сіздердің дауыс беруге деген конституциялық құқықтарыңызды іске асырудың кепілі.
Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшілігі жанындағы №377 референдум учаскесінің дауыс берушілер тізіміне қабылдаушы елде тұрақты немесе уақытша тұратын, Қазақстан Республикасы азаматының жарамды төлқұжаттары бар азаматтар енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшілігінің мекен-жайы: via Cassia 471, 00189, Рим қаласы.
Референдумға қатысушылар тізіміне ену үшін Қазақстан Республикасының Италия аумағындағы әрбір азаматына өзі туралы деректерді (аты-жөні, туған күні және жылы, ЖСН, тұратын мекен-жайы, байланыс деректері) «Референдум-2024» белгісімен consul.roma@mfa.kz электронды мекен-жайына алдын ала жолдау қажет.
Барлық сұрақтар бойынша Сіздерді №377 референдум учаскесінің +39 06 363 011 30, +39 06 363 084 76, +39 344 466 1850 телефондары арқылы хабарласуды сұраймыз.
Референдум өтетін күні өздеріңізбен Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты болуы керек.
Референдум жөніндегі қосымша ақпаратты Сіздер Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz ресми сайтынан таба аласыздар.