
Қазақстандық музыканттар Диас Елемес пен Олжас Нұрланов Италияның Кастельфидардо қаласында өткен «Premio Internazionale della Fisarmonica» атты беделді халықаралық баяншылар мен аккордеоншылар байқауының жеңімпаздары атанды. Байқауда Диас «World Senior» санатында 1-орынға ие болса, Олжас «Virtuoso Senior» санаты бойынша жеңіске жетті.
Байқауда Қазақстаннан жас музыканттар Жетпіс Елжан, Жандос Сауыт, Темірлан Ахымбек, Маймақов Нұржан өнер көрсетті.
Кастельфидардодағы «Premio Internazionale della Fisarmonica» (PIF) - әлемдегі ең беделді баян және аккордеон байқауы. Биыл оған 60 елден 200-ден астам музыкант, сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпірінен 50 қазы қатысты.