Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттігінің бір жылдығына орай италиялық депутат Эдмондо Чириеллидің пікірі

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттігінің бір жылдығына орай италиялық депутат Эдмондо Чириеллидің пікірі

Мен, Эдмондо Чириелли, Италия Парламентіндегі «Италия-Қазақстан» достық тобының төрағасы ретінде Қазақстандағы маңызды оқиғаларды қызығушылықпен қадағаладым, себебі мен елде өткен президенттік сайлауға тәуелсіз байқаушы ретінде қатысқан болатынмын. Сол кезде сайлаудың нәтижелері бойынша Италия Парламенті Депутаттар палатасының Вице-президенті Этторе Розато (делегация басшысы) Қазақстанның жаңа басшысы экономикалық және әлеуметтік реформалардың бағытын, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бастаған сыртқы саяси бастамаларды жүзеге асыруды жалғастыратындығын атап өткен.

Қазіргі Президенттің алғашқы қадамдарын бағалау кезінде биліктің жаңа президентке біртіндеп берілуін қамтамасыз ету туралы ойлану қажет. Билік транзитін құқықтық негізде жүзеге асыру, баршаға белігілі, барлық саяси жүйенің, әсіресе Қазақстан секілді жас мемлекет үшін, тұрақтылығының маңызды өлшемі болып табылады.

Президент қызметіне кіріскен күннен бастап Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси, әлеуметтік-экономикалық және мәдени салаларда үлкен жұмыс жасағанын мұқият байқадық. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауында әлеуметтік-саяси және экономикалық реформалардың нақты бағыттары, атап айтқанда, партиялық құрылымның үдерісін жалғастыру, азаматтардың өз еркін білдіруі үшін митингілер туралы заңнаманы жетілдіру, табыс аз азаматтардың несиелік қарызын өтеу және басқа да мәселелер туралы баяндалған. Тоқаевтың сөйлеген сөзі мен оның жұмысындағы аталған басым бағыттар оның кәсіпқойлығы мен тәжірибесін көрсетеді, бұл оған алдағы уақытта жауапты қызметте республиканың дамуын және көпұлтты қазақ халқының әл-ауқатының өсуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

Оның маңызды бастамаларының бірі азаматтық қоғамды билікпен сындарлы сұхбатқа тартуға мүмкіндік беретін Ұлттық қоғамдық сенім кеңесін құру болды. «Еститін мемлекет» («халық үніне құлақ асатын мемлекет») тұжырымдамасы аясында халықпен байланыс орнатудың аспектісі мақтауға тұрарлық.

Президент өткізген түрлі кездесулер, іскерлік және азаматтық сектордың және қоғамның басқа да өкілдерінің кездесулері өте маңызды. Азаматтық қоғамды нығайту жөніндегі жұмыстың маңызды құрамдас бөлігі 2020 жылды «Еріктілер жылы» деп жариялау болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар кезінде мәселен, коронавирус пандемиясы кезеңінде шешім таба білді және алдыңғы қатарда болды. Білікті басшылықтың арқасында елде науқастардың бақылаусыз өсуіне жол берілмеді, сонымен бірге Италия сияқты достас елге пандемия кезінде гуманитарлық көмек көрсетуге көмектесті, бұл үшін біз итальяндықтар қазақстан тарапына шын жүректен алғысымыз шексіз.

Тағы бір маңызды көрсеткіш сыртқы саясаттағы сабақтастықты сақтау болып табылады, бұл Қазақстанның халықаралық позициясы тұрғысынан да маңызды. Қасым-Жомарт Тоқаев Тұңғыш Президенттің көпвекторлы саясатының одан әрі жалғасатынын көрсетті. Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы кеңейтілген әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімнің күшіне енуі және ЕО-ның Орталық Азияға арналған жаңа стратегиясының жаңаруы тараптардың маңызды салалардағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға мүдделілігін тағы бір дәлелдейді. Қазақстан тәуелсіз тарихының әртүрлі кезеңдерінде өте сәтті дамыды. Бұл дерек еліміздің еуразиялық интеграция үдерісінде және ЕҚЫҰ мен БҰҰ сияқты халықаралық ұйымдардағы рөлімен расталады.

Президент Тоқаевтың сайлануы ұзақ мерзімді перспективада Қазақстанға тұрақтылықты қамтамасыз ететіні анық.

Мен, өз елімнің екі палаталы Парламентінің 50-ге жуық депутаты кіретін Қазақстанмен итальяндық достық тобының төрағасы екенімді мақтанышпен айтқым келеді. Екі ел парламенттік делегацияларының сапарлары парламентарийлер арасындағы байланысты нығайтуға септігін тигізетіні сөзсіз, соңғы рет Римге жоғары деңгейдегі сапар 2018 жылғы маусымда Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан Парламенті Сенатының Төрағасы ретінде, ал 2019 жылғы маусымда Италия Парламенті Депутаттар палатасының вице-спикері бастаған делегацияның Нур-Сұлтанға сапары болды.

Қорытындылай келе, біздің елдеріміз арасындағы қатынастар барлық тұрғыдан үздіксіз оң даму сатысында екенін атап өткім келеді. Сонымен бірге, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейту үшін әлі де әлеует бар және біз, парламентшілер осыған өз үлестерімізді қосуымыз керек.

Эдмондо Чириелли,

Италия Парламенті Депутаттар Палатасының депутаты

және «Италия-Қазақстан» достық тобының төрағасы.