Қ.ТОҚАЕВ ПРЕЗИДЕНТТІГІНІҢ АЛҒАШҚЫ ЖЫЛДЫҒЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ ПЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ

Қ.ТОҚАЕВ ПРЕЗИДЕНТТІГІНІҢ АЛҒАШҚЫ ЖЫЛДЫҒЫНДАҒЫ САБАҚТАСТЫҚ ПЕН ЖАҢАШЫЛДЫҚ

Ағымдағы жылдың 12 маусымында жас Орталық Азиялық республиканың екінші президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың президенттігінің алғашқы жылы аяқталды.

Осы 12 айдағы президенттік туралы қорытынды жасау, әрине, ұлттық және халықаралық контеекстке байланысты, кем дегенде мына үш маңызды, әрі сыни аспектілер бойынша оңай емес:

- мемлекеттің негізін қалаушы Нұрсұлтан Назарбаевтың ұзақ президенттігінен өтудің басталуы;

- мемлекеттің реформасы;

- халықаралық процестердің екпінді динамикасы, атап айтқанда АҚШ пен Қытай арасындағы қарама-қайшылық;

- пандемияға байланысты жаһандық дағдарыс.

Бұл контекстердің ерекше сипаты мемлекеттің дайындық деңгейіне, басқару әлеуетіне, мемлекеттің жаңа басшысы реформаларын қолдану әдістерін тұжырымдау мен айқындауға қатысты беріктікке сынақ, тексеру болып табылатыны сөзсіз.

Ең алдымен, Тоқаевтың президенттік науқан барысында алған міндеттемелерін, атап айтқанда, оның 2019 жылғы 12 маусымдағы инаугурациялық сөзінде айтылған міндеттемелерді орындауға деген ұмтылысын ерекше атап өту керек.

Қазіргі Қазақстан мемлекетінің негізін қалаушы Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттігінен неғұрлым кең демократиялық негізі бар президенттікке өтуге қатысты айтар болсақ, осы он екі ай ішінде Қ.Тоқаев оны мүмкіндігінше жеңілдету үшін мемлекеттік аппаратты дағдарысқа ұшырататын және жаңа президент жүзеге асырғысы келетін реформалар маусымының жемісті болуына кедергі келтіретін дүмпулерсіз, бір қалыпты өтті деп айтуға болатындай әрекет етті.

Мемлекеттік реформалар мен оның тиімділігін қамтамасыз ететін жаңа рәсімдерге сүйене отырып, Қ.Тоқаевтың президенттігі жаңашыл қағидаға – Тыңдаушы мемлекет қағидасына негізделді. Бұл қазақстандықтарды шешім қабылдау процесіне және мемлекетті модернизациялау мақсаттарын анықтауға неғұрлым белсенді тартуға ғана емес, сонымен қатар негізгі институттардың әкімшілік жүйелеріне жастарды енгізуге мүмкіндік берді.

Тыңдаушы мемлекет қағидасына сәйкес, саяси процестерді ілгерілету мен қарқындату бойынша барлық реформалармен қатар, елдің демократиялық негізін кеңейтуге бағытталған ұйым – Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылды.

Айта кету керек, реформалардың бұл кешені партиялық тізімге әйелдер үшін квота енгізуді (30%) қамтиды. Осындай жаңа процедуралар арқылы Қазақстан, әлбетте, тарихи тұрғыдан қазіргі заманғы мемлекеттердің дамуы бағытында жылжып келеді.

Қысқа мерзімді кезеңде, тек он екі ай ішінде, әлеуметтік саладағы халықаралық стандарттарға бейімдеуді бастау да жақсы құрылымдалғаны байқалады. Сыбайлас жемқорлыққа, есірткіге, зорлық-зомбылыққа және қылмысқа қарсы күресті күшейту, сондай-ақ, денсаулық сақтау жүйесіне көмек көрсету, тұжырымдалған стипендиялық бағдарламалар арқылы білімге қол жетімділікті кеңейту, көп балалы, мүгедек балалары бар отбасыларға және жетім балаларға несиелік рақымшылық жасау да, әрине, Президент Тоқаевтың қол жеткізген табыстарына жатқызу керек.

Пандемия дағдарысын басқару белгілі бір дәрежеде бұл түзетуді жеделдетті.

Тіпті ұлтаралық қақтығыстарды басқару көптеген маңызды проблемаларға қарамастан, тиісті жағдайларда және жеке басының бостандығына зиян тигізбейтін түрде жүргізілді.

Экономикалық салаға тоқталатын болсақ, мұнда жақсы нәтижелерге қол жеткізілді. Жаңа ережелерді енгізу елде экономикалық өндірісті дамыту және енгізу мақсатында, сондай-ақ монополияларға қатысты жаңа ережелерді қабылдау мақсатында шағын және орта бизнеске салықтық жеңілдіктер жасауға мүмкіндік берді. Экономикалық секторға қатысты нормативтік құқықтық актілердің жиынтығы да, әлі де энергетика саласына тәуелді болып отырған ел экономикасын әртараптандырудың нақты мақсатын көздейді.

Қ.Тоқаев халықаралық қатынастар тұрғысында Қазақстанды ұлттық мемлекет ретінде қалыптасқан уақыттан бері сипаттайтын көпвекторлылық тұжырымдамасын енгізіп, біршама қайта құрды; жаңа Президент Вашингтон мен Пекин арасындағы үнемі қарама-қайшылықпен сипатталатын қазіргі тарихи сәттің геосаяси тұрақсыздығына қарамастан, керемет дипломатиялық қабілеттерін көрсетті.

Тоқаев доктринасы деп атауға болатын Қазақстанның сыртқы саясатының 2020-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасында ұсынылған жаңашылдық аспектілердің ішінде қазақстандық дипломатияның экономикалық құрамдас бөлігінің маңызды рөлін атап өту керек.

Тоқаев доктринасы бүкіл әлемдік сценарийді сипаттайтын экономикалық соғыстар мен протекционизмге қарамастан, әлемдік нарыққа жаңа бағыттарды жандандыру арқылы елдің экономикалық әлеуетін дамытуды көздейді.

 

Тиберио Грациани

«Vision & Global Trends» ғаламдық талдаулар

халықаралық институтының Президенті