Алматыда алғашқы B5+1 бизнес-форумы өтті

Алматыда алғашқы B5+1 бизнес-форумы өтті

2024 жылғы 14-15 наурызда Алматыда АҚШ және Орталық Азия елдері – Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан үкіметтері мен іскер топтары өкілдерінің қатысуымен «В5+1» форматындағы бірінші форум өтті.

Екі күнге созылған форумда аймақтық ынтымақтастықты жеделдету, байланыстарды жақсарту және мемлекеттік-жекеменшік диалогы арқылы қолайлы іскерлік ортаны құру мәселелері талқыланды.

Форумдағы талқылаулар мен ұсыныстардың қорытындысы бойынша бизнес қауымдастығының бірлескен мәлімдемесі ұсынылды. Құжатта аймақ үкіметтерімен және АҚШ-тың инвестициялық қоғамдастығымен және басқа серіктестермен бірлесе отырып, жеке сектордың рөлін күшейту арқылы бизнес ортаны жақсарту және Орталық Азияға инвестиция тарту бойынша бірқатар нақты ұсыныстар берілді.

Сарапшылардың пікірінше, Орталық Азия «экономикалық және іскерлік байланыстары күшті интеграцияланған нарықтан пайда көре алады». Бұл АҚШ пен әлемнің басқа елдерінен көбірек шетелдік инвестиция тартуға мүмкіндік береді.

Сарапшылар Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты кеңейту Шығыс-Батыс сауда дәліздерін әртараптандыруға және әлемдік нарықтарға шығуды кеңейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Форум соңында бірлескен мәлімдеме қабылданды. Құжатта жеке сектордың аймақ үкіметтерімен және АҚШ-тағы және сыртқы әлемдегі инвестициялық қауымдастықпен белсенді ынтымақтастықтағы рөлін күшейту арқылы бизнес-ортаны жақсарту және Орталық Азияға инвестиция тарту бойынша бірқатар нақты ұсыныстар берілген.

АҚШ Сауда палатасының филиалы болып табылатын Халықаралық жеке кәсіпкерлік орталығының (CIPE) қолдауымен өңірлік нарықтарды дамыту үшін маңызды бес басым сала анықталды: көлік және логистика, электронды коммерция, туризм, жасыл және жаңартылатын энергия және агробизнес.

Тараптар мүше елдер арасында демеушілер ротациясымен жыл сайын B5+1 форумын өткізуге және Орталық Азиядағы әйелдердің бизнес мүмкіндіктерін кеңейту бойынша диалог пен бірлескен әрекеттерді жалғастыру үшін әйелдер кәсіпкерлігі бойынша В5+1 кіші тобын құруға келісті.

Дереккөз: The Astana Times