Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Республикасына және Ватикан Мемлекетіне ресми сапармен келді

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Республикасына және Ватикан Мемлекетіне ресми сапармен келді

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Рим қаласында Италия Президенті Серджо Маттарелламен, Премьер-Министр Джорджа Мелонимен келіссөздері өтеді.  

Сонымен қатар Президент «Қазақстан-Италия» инвестициялық «дөңгелек үстеліне» қатысып, бірқатар ірі компания басшыларымен кездесулер өткізеді деп жоспарланып отыр. 

Мемлекет басшысы келесі күні Ватиканда Рим Папасы Францискпен кездеседі.  

Бұдан бөлек, Президент БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (FAO) және Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасының (WFP) штаб-пәтерлеріне барады.

Дереккөз: ҚР Президентінің Баспасөз қызметі