
Өз хатында Президент С.Маттарелла Қазақстан мен Италия арасында барлық салалардағы, соның ішінде Астана мен Еуропалық Одақ арасындағы қарым-қатынастар аясындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға негіз болатын берік достық байланыстар бар екенін атап өткен.
«Астана мен Рим жаһандық мәселелерді шешуде және бейбітшілік пен тұрақтылықты ілгерілетуде басты қағидалар болып табылатын диалог пен ынтымақтастыққа бейілділікті ұстанады» - делінген хатта.
Италия Президенті Мемлекет басшысын ұлттық мереке - Республика күнімен құттықтап, Қазақстан халқына игілік пен гүлденуді тіледі.