Қазақстанның Италиядағы Елшісі Ерболат Сембаев «Host Milano» көрмесінің ашылуына қатысты

Қазақстанның Италиядағы Елшісі Ерболат Сембаев «Host Milano» көрмесінің ашылуына қатысты

Милан қаласы, 13 қазан 2023 ж. - Бүгін Миланда «Fiera Milano» сауда-көрме орталығында «Host Milano» 43-ші көрмесі ашылып, қоғамдық тамақтандыру және қонақ үй индустриясындағы жетекші және айтулы оқиғалардың бірі болды. Екі жылда бір рет өтетін көрме қоғамдық тамақтандыру, бөлшек сауда, қонақ үй индустриясы сияқты салалардағы соңғы жаһандық технологиялар мен инновацияларға арналған.

Көрме келушілерге жаңа инновациялық шешімдермен және ең заманауи және пайдалы қызметтері бар өнімдермен танысуға мүмкіндік береді. Қонақтардың назарына наубайханалар, пиццериялар, кофеханалар, барлар, сауда автоматтары, кондитерлік және нан өнімдері, жиһаз және т.б. сияқты қоғамдық тамақтандыру және қонақ үй салаларының соңғы үлгілері мен жаңа форматтары ұсынылады.

13-17 қазан аралығында өтетін «Host Milano» көрмесі аясында 800-ден астам іс-шара жоспарланған.

Фото: https://host.fieramilano.it