
Бүгін 5 қыркүйек – елімізде Қазақстан халқы тілдері күні атап өтілуде. Бұл мереке 1998 жылдан бері өткізіледі. 2017 жылдан бастап бұл мейрам 5 қыркүйектен бастап атап өтіледі. Мейрамның жаңа датасы қазақтың көрнекті ғалымы, ағартушысы, қазақтың ұлттық жазуының реформаторы, қазақ тіл білімінің негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының дүниеге келген күніне сәйкестендіріп таңдалып алынған.
Еліміздің көпұлтты болуына байланысты, бұл мерекені Қазақстанда тұратын барлық ұлт өкілдері мен ұлыстар атап өтеді. Қазір елімізде жүргізіліп отырған салиқалы тіл саясаты толеранттық тілдік орта қалыптастырудағы маңызды қоғамдық-саяси, әлеуметтік-мәдени құндылықтардың бірі болып саналады. Қазақстанда 100-ден асатын ұлтқа Ассамблея жанында тілдерін дамытуға мүмкіндік жасалған. Елімізде оннан астам этникалық топтың өз тілдерінде оқытатын мектептері бар және оларды мәдени-рухани қолдау орталықтары жұмыс істейді.
Тәуелсіздік алғаннан бері елімізде өзге ұлт өкілдерінің тілінің дамуымен қатар, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру бағытындағы жұмыстар атқарылып келеді. Бүгінде елімізде 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік тілді дамытудың бағдарламасы да қазақ тілінің ұлтаралық қатынастар тілі деңгейіне жетуіне бағытталған.
Бұл мерекенің негізгі мақсаттары қазақ тілін ұлттар арасында дамыту және насихаттау, қазақ мәдениеті мен дәстүрін ілгерілету, көпұлтты мемлекеттің тұтастығын, ынтымағын қалыптастыру, жас буынды өзге ұлттардың дәстүрі мен мәдениетін құрметеуге тәрбиелеу.
Қазақстанда тұратын ұлт өкілдеріне мемлекет толеранттылық қарым-қатынас ұстанады: оларға өз дінін ұстануға, мереклерін тойлауға, өз тілдеріне сөйлеуге рұқсат етіп, құрметпен қарайды.