Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Республикасының Президенті Серджо Маттареллаға ұлттық мереке – Республика күніне орай құттықтау хат жолдады

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Республикасының Президенті Серджо Маттареллаға ұлттық мереке – Республика күніне орай құттықтау хат жолдады

2 маусым 2023 ж. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Италия Республикасының Президенті Серджо Маттареллаға ұлттық мереке – Республика күніне орай құттықтау хат жолдады.

«Бүгінде Италия Еуропалық Одақтағы көшбасшы елдердің бірі ретінде өзінің тұрақты даму, халықтың әл-ауқатын жақсарту және халықаралық қауымдастықтағы беделін арттыру жолында елеулі жетістіктерге қол жеткізіп келеді», - делінген хатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Италия арасындағы стратегиялық серіктестік алдағы уақытта да берік достық пен өзара түсіністік рухында дамитынына сенім білдірді.

Қазақстан Президенті С.Маттареллаға толағай табыстар, ал достас Италия халқына өркендеу мен құт-береке тіледі.