Римде БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы мен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастық талқыланды

Римде БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы мен Қазақстан Республикасы арасындағы ынтымақтастық талқыланды

Рим, 4 мамыр 2023 жыл – Бүгін ҚР Италиядағы Елшісі, Қазақстанның Римдегі халықаралық ұйымдар жанындағы Тұрақты өкілі Ерболат Сембаевтың БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) Бас директоры Цюй Дунъюймен кездесуі өтті.

Кездесу барысында Қазақстан мен ФАО арасындағы қарқынды дамып келе жатқан ынтымақтастық атап өтілді. Цюй Дунъюй ФАО-ның Астана қаласындағы Байланыстар және серіктестік кеңсесіне көрсетіліп отырған қолдау үшін алғыс білдірді.

Сонымен бірге, тараптар жақын арада қол қойылуға тиіс ФАО-ның Қазақстан Республикасындағы Елдік негіздемелік бағдарламасы мен Қазақстан-ФАО серіктестік Бағдарламасының іске қосылуын талқылады.

Қазақстан 1997 жылдан бері ФАО-ның мүшесі бола отырып, бұл ұйыммен ауыл шаруашылығын дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі салаларында тиімді ынтымақтастық жүргізуде. Сонымен қатар, Астанада 2015 жылдан бері ФАО-ның Байланыс және серіктестік кеңсесі жұмыс істейді.