Италияда Қазақ ұлттық өнер университетінің мерейтойлық концерттері өтеді

Италияда Қазақ ұлттық өнер университетінің мерейтойлық концерттері өтеді

2023 жылғы 23-28 наурыз аралығында Қазақ ұлттық өнер университетінің мерейтойлық концерттері аясында Еуразия студенттік симфониялық оркестрі мен университет солистерінің Италияның Милан, Генуя, Сан-Ремо және Рим қалаларында гастрольдік сапары өтеді. Дирижер – маэстро Айдар Торыбаев. Концерттердің арнайы қонағы – Қазақстан Республикасының халық әртісі, профессор, Қазақстанның Еңбек Ері – Айман Мұсақожаева.

Солистер: Талғат Мұсабаев, Салтанат Ахметова, Рахат би Әбдісағын, Ержан Максим, Сүндет Байғожин, «Шабыт» домбырашылар ансамблі, «Capricci» скрипка ансамблі. Қазақ халық аспаптарында ойнайтын фольклорлық трионың өнер көрсетуі концерттердің ерекше сәніне айналады.

Концерттер өтетін қалалар мен орындар:

23 наурыз Миландағы Джузеппе Верди консерваториясының «Верди» залы;

24 наурыз Генуя қаласындағы ескі порттағы Конгресс орталығының «Сала Маэстрале» залы;

27 наурыз Сан-Ремо қаласындағы «Казино» театры;

28 наурыз Рим қаласындағы «Гионе» театры.