
19 наурыз 2023 ж., Рим. ҚР Римдегі Елшілігі жанындағы №245 сайлау учаскесі жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де ашылды. ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының сайлауында дауыс беруге ҚР азаматтары таңнан бастап келе бастады.
Сайлаушылардың арасында Италияда жұмыс істейтін қазақстандықтар, студенттер, елімізден келген туристер және т.б. азаматтар болды. Римнен басқа олар елдің басқа да өңірлерінен келді.
ҚР Италиядағы Елшілігі қазақстандық студенттердің дауыс беруін қамтамасыз ету үшін Милан қаласына жылжымалы сайлау жәшігін ұйымдастырды.
Қазақстан Республикасының Елшілігі дауыс беру процесінің ашықтығы мен жариялылығын, сайлау учаскесінің үздіксіз жұмыс істеуін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдады.