
Құрметті Қазақстан Республикасының азматтары!
Коронавирустық (2019-nCoV) індет жағдайының ушығуына байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде жедел желілер ашылды.
09:30-дан 18:30-ға дейін Қазақстан азаматтары келесі нөмірлер бойынша хабарласа алады: +7 (7172) 720 046, +7 (7172) 720 047, +7 (7172) 720 549. Жұмыстан тыс уақытта және демалыс күндері +7 (7172) 720 111 нөмірі бойынша хабарласуға болады.
Қазақстанның Италиядағы Елшілігіндегі жедел телефон желісі: +39 06 363 011 30, +39 349 718 0626 (Whatsapp, Telegram). Сондай-ақ, жұмыс уақытында келесі электрондық пошта адрестері бойынша хабарласуға болады: roma@mfa.kz, consul.roma@mfa.kz.
Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінде cаll-орталық іске қосылды: +7 (7172) 76-80-43. Осы нөмірге тәулік бойы хабарласып, аталған індетке қатысты ахуал туралы, аурудың алдын алу шаралары мен оның негізгі белгілері туралы ақпарат ала аласыздар.