
Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!
Италия Республикасында жаңа коронавирустық инфекциясының (COVID-19) эпидемиясына байланысты, Қазақстанның Италиядағы Елшілігі ҚР азаматтарының санағын жүргізуде.
Төтенше жағдай туындаған кезде әрі қарайғы іс-қимылдарды хабарлау мақсатында өзіңіздің жеке мәліметтеріңізді (аты-жөніңіз, туған жылыңыз, мекен-жайыңыз бен байланыс деректеріңіз) келесі сауалнама бойынша немесе Консулдық бөлімнің consul.roma@mfa.kz электрондық поштасына жолдау арқылы ұсынуды сұраймыз.
Түсіністіктеріңіз үшін рақмет!