
Қазіргі уақытта Италияның бүкіл аумағы «қызыл аймақ» деп жарияланды, төтенше жағдай режимі енгізіліп, жеке тұлғалардың елді мекендер арасындағы қозғалысына шектеулер қойылды.
Ел ішінде және елді мекендерде қозғалыс кезінде Италия Ішкі істер министрлігінің модулін толтыру қажеттілігіне назар аударамыз ( модуль).
Қазақстан Республикасы азаматтарының Отанға кедергісіз оралуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Италиядағы Елшілігі арнайы консулдық декларация ( декларация) әзірледі, онда Елшіліктің Қазақстандағы тұрғылықты жерлеріне бара жатқан ҚР азаматтарын кедергісіз өткізу туралы Италияның құзырлы органдарына арналған өтініші бар.
Осы құжатты басып шығарып (немесе телефонға сақтап қоюды), қажет болған жағдайда оны Италия Ішкі істер министрлігінің толтырылған модулімен, сондай-ақ жеке басыңызды куәландыратын құжаттармен бірге Италияның құқық қорғау және басқа да құзырлы органдарының өкілдеріне ұсынуға кеңес береміз.
Италияның құқық қорғау және басқа да құзырлы органдарының өкілдерімен келіспеушіліктер туындаған жағдайда, жанжалдан аулақ болыңыз және тез арада Елшілікке +39 06 36301130 немесе +39 349 718 0626 жедел желі телефондары арқылы хабарласыңыз.