Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы туралы ақпараттық хабарлама

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі  мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы туралы ақпараттық хабарлама

Құрметті отандастар!

2023 жылғы 19 наурызда (Рим уақытымен 07:00-ден 20:00-ге дейін) Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшілігі жанындағы №245 сайлау учаскесінде ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.

Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшілігі жанындағы №245 сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне қабылдаушы елде тұрақты немесе уақытша тұратын, Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаттары бар азаматтар енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшілігінің мекен-жайы: via Cassia 471, 00189, Рим қаласы.

Сайлаушылар тізіміне ену үшін Қазақстан Республикасының Италия аумағындағы әрбір азаматы өзі туралы деректерді (аты-жөні, туған күні және жылы, ЖСН, тұратын мекен-жайы, байланыс деректері) consul.roma@mfa.kz электронды мекен-жайына немесе +393341737929 WhatsApp/telegram нөміріне алдын ала жолдауы қажет.

Сайлау өтетін күні өздеріңізбен Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты болуы керек.

ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауы жөніндегі қосымша ақпаратты Сіздер Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz ресми сайтынан таба аласыздар.

Баршаңызды азаматтық жауапкершілік танытуға және сайлауға қатысу құқықтарыңызды іске асыруға шақырамыз!