
Рим, 6 желтоқсан 2022 ж. Кездесу «Education Diplomacy» жобасы – дипломатия және Біріккен Ұлттар Ұйымының тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу бойынша студенттерге арналған халықаралық білім беру бағдарламасы аясында «Global Action» коммерциялық емес ұйымының көмегімен ұйымдастырылды.
Кездесу еліміздің әсем табиғатын, қазақ халқының салт-дәстүрін, елордасы Астана қаласының заманауи сәулетін суреттейтін Қазақстан туралы бейнероликті көрсетуден басталды.
ҚР Елшісі Е.Сембаев лицей студенттеріне Қазақстан туралы толық мағлұмат беріп, елімізге қатысты қызықты мәліметтерді айтып берді. Ол итальяндық студенттерді қазақ халқының тарихымен, мәдениетімен, Орталық Азиядағы ең ірі елдің географиялық және климаттық ерекшеліктерімен таныстырды.
Қазақстанның жаһандық қарусыздану және таратпау үдерісіне, мәдениетаралық және өркениетаралық диалогты дамытуға қосқан үлесі сияқты негізгі сыртқы саяси бастамаларға да ерекше назар аударылды.
Жиынға қатысқан ғылыми лицейдің директоры А.Саварезе Елші Е.Сембаевқа мазмұнды баяндамасы үшін алғыс айтып, жас студенттер үшін елдеріміз арасындағы мәдени алмасудың маңыздылығын атап өтті.
Өз кезегінде «Education Diplomacy» жобасының үйлестірушісі М.Урбини Қазақстанның Римдегі Елшілігіне жобаға қатысқаны үшін алғыс айтып, аталмыш жобаның келесі кезеңдерін бірлесіп жүзеге асыруға үміт білдірді.
ҚР Елшісі Е.Сембаев Қазақстанға үлкен қызығушылық танытқан лицей студенттерінің сауалдарына жауап берді. Сауалдар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, басқару жүйесі, энергетика, тұрақты даму және т.б. тақырыптар жөнінде болды.