Римде ҚР азаматтары Қазақстан Президентінің сайлауына қатысты

Римде ҚР азаматтары Қазақстан Президентінің сайлауына қатысты

20 қараша 2022 ж., Рим. Жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-де ҚР Римдегі Елшілігінде №245 сайлау учаскесі ашылып, онда Италияда жүрген еліміздің азаматтары Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауына қатысты. Жалпы, сайлау барысында 300-ге жуық сайлаушы дауыс берді.

Сайлаушылардың арасында Италияда жұмыс істейтін қазақстандықтар, студенттер, елімізден келген туристер және т.б. азаматтар бар. Олар Римнен бөлек Венеция, Болонья, Генуя, Перуджа, Падуя, Риети, Касино және т.б. итальяндық қалалардан келіп, дауыс берді.

Миланда оқитын қазақстандық студенттердің көп болуына байланысты Елшілік бұл қалаға жылжымалы сайлау жәшігін ұйымдастырып, біздің азаматтарға президенттік сайлауда дауыс беруге мүмкіндік берді.

Қазақстан Республикасының Елшілігі дауыс беру процесінің ашықтығы мен жариялылығын, сайлау учаскесінің үздіксіз жұмыс істеуін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдады.