«Жасыл» технологиялар Қазақстан мен Италия экономикалық қатынастарының басымды бағыттарының бірі

«Жасыл» технологиялар Қазақстан мен Италия экономикалық қатынастарының басымды бағыттарының бірі

8 қараша 2022 ж. Римини. Қазақстанның Италиядағы Елшісі Ерболат Сембаев бүгін Италияның солтүстігіндегі Римини қаласында ашылған «Ecomondo 2022» халықаралық «жасыл» технологиялар көрмесіне барды. Ecomondo – экология және регенеративті экономика саласындағы маңызды оқиға. Көрме аясында итальяндық және халықаралық спикерлердің қатысуымен түрлі конференциялар, шеберлік сыныптары мен семинарлар өткізілуде. Көрмеге әлемнің түкпір-түкпірінен 1400-ден астам компания өз өнімдерін ұсынды.

Көрме аясында Елші Е.Сембаев итальяндық «Italproget» компаниясының және ЮНИДО ITPO Италиядағы БҰҰ Өнеркәсіптік даму ұйымының Инвестициялар және технологиялық ілгерілету жөніндегі итальяндық кеңсесінің өкілдерімен кездесулер өткізді.

Кездесулер барысында жаңартылмалы энергия көздері, қалдықтарды өңдеу және «жасыл» технологиялар саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.