
Рим, 25 қазан 2022 ж. Өз хатында Италия Президенті екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени салалардағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өткен.
С.Маттарелланың айтуынша, Қазақстан мен Италия арасындағы өзара түсіністік пен іс-қимыл аймақтағы шиеленістің өсуімен сипатталатын ахуал тұрғысында әсіресе құнды әрі уақытылы.
«Бұл бізге болашаққа сеніммен қарауға және қатынастарымызды Италия белсенді қолдап отырған Астана мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастық аясында да дамытуға мүмкіндік береді», - делінген хатта.
Италия Президенті Мемлекет басшысын ұлттық мереке - Республика күнімен құттықтап, Қазақстан халқына игілік пен гүлденуді тіледі.