
Құрметті отандастар!
2022 жылғы 20 қарашада Рим уақытымен 07:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшілігі жанындағы №245 сайлау учаскесінде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді.
Қазақстан Республикасының 18 жасқа толған, сайлау құқығына ие әрбір азаматы Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысуға конституциялық құқығы бар.
Сіздердің деректеріңіздің сайлау тізімінде болуы Сіздердің дауыс беруге қатысуға деген конституциялық құқықтарыңызды іске асырудың кепілі.
Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшілігі жанындағы №245 сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне қабылдаушы елде тұрақты немесе уақытша тұратын, Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаттары бар азаматтар енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Италия Республикасындағы Елшілігінің мекен-жайы: via Cassia 471, 00189, Рим қаласы.
Сайлаушылар тізіміне ену үшін Қазақстан Республикасының Италия аумағындағы әрбір азаматына өзі туралы деректерді (аты-жөні, туған күні және жылы, ЖСН, тұратын мекен-жайы, байланыс деректері) «Президент сайлауы-2022» белгісімен consul.roma@mfa.kz электронды мекен-жайына алдын ала жолдау қажет.
Барлық сұрақтар бойынша Сіздерді №245 сайлау учаскесінің +39 06 363 011 30, +39 06 363 084 76, +39 334 173 7929 телефондары немесе consul.roma@mfa.kz электронды мекен-жайы арқылы хабарласуды сұраймыз.
Сайлау өтетін күні өздеріңізбен Қазақстан Республикасы азаматының төлқұжаты болуы керек.
Сайлау жөніндегі қосымша ақпаратты Сіздер Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.kz ресми сайтынан таба аласыздар.