Италияда Қазақстанның конституциялық реформалары талқыланды

Италияда Қазақстанның конституциялық реформалары талқыланды

Рим, 2022 жылғы 27 мамыр – Италия Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің ғимаратында Қазақстандағы конституциялық реформаларға арналған дөңгелек үстел өтті.

Қазақстан Елшісі Ерболат Сембаев қатысушыларды Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдум туралы хабардар етті. Атап айтқанда, Қазақстанның жүйелі трансформациясына ықпал ететін және мемлекеттің ұзақ мерзімді дамуының жаңа парадигмасын анықтайтын саяси реформалардың басым бағыттары атап өтілді.

«Негізгі заңға енгізілген түзетулер біздің еліміз үшін тағдыршешті мәнге ие болып табылады. Өзгерістер Конституция баптарының үштен біріне қатысты болады. Біздің Конституция жаңа өлшемге ие болады», - деп Е.Сембаев атап өтті.

Өз кезегінде итальяндық сарапшылар жаңа Қазақстанның құрылысына бағытталған қазақстандық бастамаларға оң баға берді. Сонымен бірге, конституциялық өзгерістердің кәзіргі заманғы жаһандық сын-тегеуріндер жағдайында елді дамудың жаңа сапалы деңгейіне шығаратыны және Қазақстан халқының әл-ауқатының жақсаруына әкелетіні атап өтілді.

Іс-шараға Vision & Global Trends халықаралық жаһандық талдау институтының президенті Т.Грациани, Жерорта теңізі зерттеулері орталығы директорының орынбасары С. Верноле, Италия институтының Азия бойынша Бас хатшысы Д. Пальмиери, Рим университеттерінің жетекші доценттерінің профессорлары, сонымен қоса жергілікті БАҚ редакторлары қатысты.

Іс-шара соңында достық сұхбат өтті, оның барысында тараптар Қазақстан мен Италия арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай екіжақты ынтымақтастықтың маңызды бағыттарын, сонымен бірге мерейтойлық күнге орайластырылған ықтимал бірлескен жобаларды талқылады.