Римде мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасына арналған шығармашылық кеш өтті

Римде мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасына арналған шығармашылық кеш өтті

Рим, 13 сәуір 2022 жылы – Мемлекеттік «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде Италиядағы Қазақстан Елшілігінің ғимаратында Санта-Чечилия Консерваториясы мен Италиядағы Қазақстан жастары қауымдастығы бірлесіп ұйымдастырған шығармашылық кеш өтті.

Өз сөзінде Қазақстан Елшісі Ерболат Сембаев бағдарламаның негізгі мақсаты Қазақстанның рухани және мәдени құндылығын сақтау және одан әрі дамыту, сондай-ақ, әлемдегі еліміздің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, ұлттық бірегейлікті сақтау, білім культы мен азаматтардың танымдық ашықтығын насихаттау болып табылатындығын атап өтті. 

Сонымен қатар, осы мақсатқа қол жеткізуге бағытталған: «Туған жер», «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы», «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет», «Мемлекеттік тілді латын қарпіне көшіру», «Қазақстанның 100 жаңа тұлғасы» бағдарламалары сынды ұлттық жобаларын алға тартты.

«Олар мемлекетіміздің өткенін, бүгіні мен болашағын біріктіруге шақырады. Аталған бағдарлама қазақ халқының құндылығы мен өзіне тән сипатының жаңғыруы, оның эволюциялық тарихи өткені арқылы патриоттық түсінікті жандандыруға тырысу болып табылады», деді қазақстандық дипломат. 

Іс-шара барысында Елбасының «Тәуелсіздік дәуірі» және Абайдың итальян тіліндегі «Қара сөздері» ұсынылды, сонымен қатар, Роза Бағланова (100 жыл), Ахмет Байтұрсынов (150 жыл), Жамбыл Жабаев (175 жыл), Мұқағали Мақатаев (90 жыл), Әлихан Бөкейханов (155 жыл), Ыбырай Алтынсарин (180 жыл) және Дина Нұрпейісова (160 жыл) сынды қазақстандық көрнекі тұлғалардың өмір жолы мен мәдени мұралары таныстырылды. 

«Ұлы қазақ ақындары, саясаткерлері, музыканттары мен педагогтерінің шығармашылығы, сондай-ақ, олардың қазақстандық қоғамды қалыптастырудағы рөлі шешуші мәнге ие», - деп ағынан жарылды Е. Сембаев.

Кеш Қазақстан мен Италия студенттерінің орындауында ұлттық және классикалық музыкадан концертімен жалғасты.

Іс-шараға Италиядағы Қазақстандық жастар қауымдастығының өкілдері, Санта-Чечилия Консерваториясының басшылығы мен студенттері, сондай-ақ, аталған елдің ғылыми және іскерлік қауымының сарапшылары қатысты.