
Рим, 2022 жылғы 13 сәуір – ҚР Елшілігінде Италиядағы Қазақстан Республикасының Елшісі Ерболат Сембаевтың жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне арналған Елбасшысы Қ.К.Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңарту және жаңғырту жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауы бойынша брифингі өтті.
Брифинг барысында Е.Сембаев тиімді мемлекет пен әділ қоғам құруға, Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыруға және өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған ҚР Президентінің бастамалары мен Жолдаудың негізгі ережелері туралы егжей-тегжейлі ақпарат берді.
Елші Жолдауда Қазақстан үшін туындаған жаһандық және ішкі қауіптер мен сын-қатерлердің әсеріне терең әлеуметтік-экономикалық және саяси талдау жасалғанын, оларға баға берілгенін, проблемаларды шешу жолдары және нақты шаралары мен механизмдері белгіленгенін атап өтті. Сонымен қатар, Қазақстанда саяси жүйені түбегейлі өзгерту және «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыруға бағытталған реформалар туралы қадамдар ұсынылды.
Бұдан басқа, Е.Сембаев қатысушыларға этносаралық және конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісі туралы хабарлап, сонымен қатар алдағы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезінің күн тәртібімен таныстырды.
Кездесу тақырыбы журналистер арасында үлкен қызығушылық танытты, олар барлық сұрақтарына толық жауап алды.
Іс-шараға ақпараттық агенттіктердің итальяндық өкілдері, сондай-ақ баспа және электрондық БАҚ журналистері қатысты.