Қазақстан Елшісі Ломбардия өңірінің басшысымен кездесу өткізді

Қазақстан Елшісі Ломбардия өңірінің басшысымен кездесу өткізді

Милан, 2022 жылғы 11 сәуір – BIT Milano 2022 халықаралық туристік индустрия көрмесі аясында Қазақстан Елшісі Ерболат Сембаев Ломбардия өңірінің Президенті Аттилио Фонтанамен кездесті.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық, оның ішінде туризм саласындағы ынтымақтастықтың келешегін талқылады.

Бұдан басқа, іс-шара шеңберінде Е.Сембаев итальяндық және қазақстандық туроператорлардың қатысуымен өткен конференцияда сөз сөйлеп, NEOS компаниясының басшылығы және көрме ұйымдастырушыларымен екіжақты B2B кездесулерін өткізді.

Кездесулер нәтижесінде өңір басшылығы мен BIT Milano 2022 ұйымдастырушылары Қазақстанмен туристік салада екіжақты қарым-қатынасты дамытуға қызығушылық танытты.